Мәтінді мұқият оқып шығыңдар. Елімізде көптеген ұлт пен ұлыстың, халықтың өкілдері тұрады. Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасаған мәдениетін танып білу, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау - бірлесіп өмір сүрудің шарты. Ұлттың, халықтың сырткөзге бірден байқалатын ерекшелігі, ең алдымен, сөз этикетінен көрінеді. Тіл үйренуді амандасу, рақмет айту, кешірім сұрау, қошемет көрсету тәрізді этикет сөздерден бастайды. Бұлай болуы сөз этикетінің байланыс орнату, қарым-қатынасқа ұйытқы болу тәрізді өзіндік қызметі мен ерекшелігіне байланысты.
H. Уәли
1-тапсырма.
Берілген сөйлемдерден біреуін таңдап алып, жағдаятты ары қарай өз сөздерінмен диалог ретінде дамытып жазыңдар.
1-сөйлем. Мұғаліммен кездесу (Сәлеметсіз бе? - Сау болыңыз!);
2-сөйлем. Құрбы-құрдастарымен кездесу (Сәлем! - Көріскенше!);
3-сөйлем. Үлкен кісімен кездесу (Ассалаумағалайкүм! - Сау болыңыз!);
4-сөйлем. Көпшілік алдына шығу (Армысыз! - Келесі кездескенше!).
Дискриптор:
1. Сөйлесу кезінде сөз этикетін орынды пайдаланады;
2. Диалог 4 сұрақ, 4 жауаптан тұрады;
3. Сөйлемдер толық және қатесіз құралады.
2-тапсырма. Берілген диалог үлгісіне сыпайылық сақтай отырып, жауап беріңдер. Диалогті әрі қарай жалғастырыңдар.
- Ғылыми жобаға дайындалу үшін осы сенбіде кітапханаға келе аласың ба?
- Қай уақытта кездессек ыңғайлы?
Керекті сөздер: әрине, өкінішке қарай, мүмкін болса.
Дискриптор:
1. Сөйлесу кезінде сыпайылық сақтайды;
2. Диалог 5 сұрақ, 5 жауаптан тұрады;
3. Сөйлемдер толық және қатесіз құралады;
4. Диалогты керекті сөздердің барлығын қатыстыра құрайды.
3-тапсырма.Ұстаздарыңды, аналарыңды және сыныптас достарыңды 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, хабарлама жазыңдар.
Құрметті ұстазым!
Аяулы анашым!
Құрбым Зауреш!
Зәурешжан!
Қымбатты сыныптас қыздар!
Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.