Негізгі псырма.
қосымша ақпараты анықтап,
көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңыз.
Жұпта мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
Әлемнің ең үлкен кітапханалары
Ұлттық кітапхана ҚХР-ның, Азияның және әлемнің ең ірі
кітапханасы, Азияның ең үлкен кітапханасы деп саналатын Қытай
Ұлттық кітапханасында 35 миллионнан астам кітап, қолжазба және
тарихи коллекция бар. Кітапхананы Чинг әулеті (1644-1912) 1909-1912
жылдар арасында Пекин қала орталығына құрды. Қазір кітапханаға
жыл сайын 5 миллионнан астам оқырман келеді.
Ұлттық кітапхана
Ғылыми, ұлттық басылымдарды сақтау
қоймасы. Ұлттық библиографиялық орталық, кітапханалық-
ақпараттық және ғылыми- техникалық кітапханалар желісінің ұлттық
орталығы және даму орталығы. Кітапхананың жалпы аумағы 170000
шаршы метрді құрайды, әлемдік кітапханалар арасында бесінші
орында. 2003 жылдың соңына қарай кітапхана 24 110 000 томның бай
коллекциясын алды. Коллекцияда 270 000 том сирек кітаптар, 1 600 000
том ежелгі кітаптар болды. Кітапханада Қытай кітаптары мен шетел
тіліндегі материалдардың ең үлкен топтамасы бар.
Классикалық туындылар жиналған ғимарат пен оқу залдары бір-
бірінен бөлек. Келушілерге ашық бөлімі футуристік сәулет стилімен
назар аударады. Ғимараттың ішкі дизайны да қабат-қабат оқу залдары
түрінде жобаланған. Кітапханада 2004 жылы цифрлық бастама
басталып, кітапхананың мұрағаты интернет ортасына көшірілді.
Кітапханасының мұрағаты жыл сайын артып, 2016 жылдың деректеріне
қарағанда кітапханада 115 тілде 35 миллионнан астам материал бар.
Кітапханадағы ең байырғы тарихи туынды – осыдан 3 мың жыл бұрын
тасбақа қабығына жазылған жазу.
Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы I Петрдің бұйрығымен
1714 жылы тұрғызылған. Кітапхананы ұйымдастырудағы басты мақсат
еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен
қамтамасыз ету болды. Кітапхана қоры көптілді және әмбебап.
Бастапқы кезде кітапханада 2 мыңға
жуық кітап болған көрінеді. 1783 жылы | Екатеринаның бұйрығынан
кейін
кітапханаға Рейсейде жарық көрген барлық баспалар әкеліне бастады.
Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының кітапханасы бүкілресейлік
мемлекеттік әмбебап кітапхана ретінде жұртшылыққа белгілі әрі әлемнің
ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алады.
Стокгольм
кітапханасы Швед сәулетшісі Гуннар
Асплундтың басшылығымен тұрғызылған. Құрылыс жұмыстары 1924
жылы басталған екен. Құрылыс төрт жылдың ішінде
аяқталып,яғни 1928 жылы кітапхана пайдалануға берілді. Ескере
кететін жәйт, бұл кез келген кітап оқуға құштар адамды қабылдайтын
тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады. (297 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/2855
Қостанай — Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы. Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі.
Батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Тобыл өзенінің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан.
Жерінің аумағы 8991 гектар. Тұрғыны 205,5 мың адам (2003). Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған.
Алғашқыда «Николаевка» деп аталды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай облысында жаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімшілік бөлінісіне сәйкес оған «Қостанай» атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды. 1912 – 13 ж. Оңтүстік Сібір темір жолы магистралінің Челябинск – Троицк – Қостанай тармағының салынуына байланысты Қостанай Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама ілгері тұрған Орталық Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қостанай Солтүстік Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды.