М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Annet234
Annet234
03.02.2021 09:57 •  Қазақ тiлi

6-тапсырма. "ана тілі" өлеңінің идеясы қандай? 3-4сөйлеммен түсіндіріп жазыңыз

👇
Ответ:
dikushant
dikushant
03.02.2021

ана тіл

Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз. болды

4,8(33 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
anaraermus
anaraermus
03.02.2021

Объяснение:Бәйтерек — Нұр-Сұлтан қаласының басты символы және көрнекі. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тұрғызылған. Жобаның сәулетшісі — Ақмырза Рүстембеков.

Қазақ Елі — Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік алаңындағы ескерткіш. 91 метрлік стела Самрұқ құсымен – құстар патшасы, халық қорғаушысы – жабдықталған. Самрұқтың мифологиялық бейнесіне Қазақстанның екінші маңызды монументі Бәйтерек (аудармасы – Тіршілік ағасы) жатқызылады.

Нұр Жол Бульвары (бұрынғы Су-жасыл бульвар) — ән салатын субұрқақтар аллеясы бар жаяу жүргіншілер аймағы.

«Ақорда» — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Тәуелсіздік Сарайы — дипломатиялық және басқа халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған ғимарат; сонымен қатар ғимаратта қолданыстағы және болашақ нысандары бар Нұр Сұлтанның кең макет-жоспары бар.

Бейбітшілік және Келісім Сарайы — дәстүрлі қазақстандық және әлемдік діндер өкілдерінің саммиттері мен съездеріне арналған Конгресс-холл. Архитекторы Норман Фостер.

«Қазақстан» — Орталық концерт залы.

«Шабыт» — Қазақ ұлттық өнер университеті.

«Жастар» — Оқушылар мен жастар шығармашылығы сарайы.

«Хан Шатыр» — ең үлкен сауда және ойын-сауық орталығы (әлемдегі ең үлкен шатыр саналады). Архитекторы Фостер, Норман.

"Этноауыл" ұлттық мәдени кешені - EXPO-2017-нің бірегей мәдени-туристтік имидждік жобасы.

«Маңгiлiк ел» қақпасы – Қазақстанның Тәуелсіздігі мерей тойына орай Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы бойынша салынған сәулеттік құрылыс.

Ұлттық ғарыш орталығы

«Нұр Әлем» болашақ энергия мұражайы ЭКСПО 2017 – сфералық ғимарат «Нұр Әлем». Биіктігі — 100 метр, диаметрі — 80 метр. Нұр Әлем Стокгольмдегі диаметрі 30 метрлі Эрикссон-Глоб аренасынан кейін әлемдегі ең биік сфералық ғимарат болып саналады.

БОЛА МА

4,8(76 оценок)
Ответ:

Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі – бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған.

4,5(59 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ