Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім – қал-пақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.
Мен өскенде әкем сияқты полиция қызметкері болғым келеді. Мен де достарымды жақсылыққа шақырып, заңды бұзған бұзақыларды ұстап, олардың дұрыс жолға түсуіне көмектессем деймін. Ол үшін мен қазірден бастап сабақты жақсы оқып, белсенді, ақылды, тәртіпті болуға тырысамын және ата-анамды ренжітпеймін. Полиция болу үшін адам көп кітап оқу керек, сабақтан жақсы баға алу керек, спортпен тұрақты түрде айналысып, ешқашан ешкімнен ештеңе ұрламау керек. Полиция қызметкері болу қиын ба?! Тек қылмыскерді ұстайтын кезде қиын шығар. сосын үйге кеш келесің, шаршайсың. Бірақ, ол - абыройлы мамандық.