Биздин туган жеримиз - Казакстан.
Объяснение:
Туған жер сыры тауында, шоқыларында,
Туған жер жаққан жастықтың оты жанымда.
Өмірде қандай бақыт бар атамекеннің
Еркелеп келіп аунасам топырағында?!
Даланың сазын желемік күйші пайымдар,
Жұпарлы гүлдер қонаққа иісін дайындар.
Шегірткелердің хорына тербеліп әуре
Маңғаз қарағай қасында биші қайыңдар.
Таң атса шықтың көремін тірлігін жаңа,
Мың күнімнен мұндағы бір күнім дара.
Тұман әукесі салбырап басқанда естимін
Шашбау таққан өзеннің сылдырын ғана.
Бір сәт құлақ сап даланың қоңырауына,
Маздаған мақпал кеште де толы мағына.
Қиялға шомып кетемін қап-қара аспан
Жұлдыздан түйме таққанда омырауына.
Мұхаммед Қонқаев
Туған жерде танып үлгермеген ғажап жерлер көп болса, басқа елдің қажеті қанша?
объяснение:
Бурабай курорт қалашығын шынында да «қазақтың Швейцариясы» деп атайды. Ол бірегей табиғи таулы-орманды кешенде орналасқан және барлық жастағы туристерді қызықтырады. Әркім бұл жерде өз талғамына сай жер табуы мүмкін. Біреуге Көкшетау тауына серуендеу ұнаса, кейбіреулеріне таза көк-жасыл түсті Шортанды, Бурабай, Үлкен және Кіші Шабақты көлдеріндегі жағажай демалысы жағымды, тағы біреулері жоғары минералды хлорлы-натрийлі-магний суы бар шипажайда денсаулығын жақсартқысы келеді.