М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ivbobkova1
ivbobkova1
01.05.2023 14:12 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, құрылымы, стилі, мақсатты аудиториясы, тілдік ереркшелігі тұрғысынан салыстырыңыз.
1- мәтін
Бұл экспериментке 150 адам қатысқан. Олар 1000 сөзден тұратын мәтінді оқуы керек болған.
Қатысушылардың жартысына кейіпкердің дәмханаға кіріп адамдармен әңгімелесетінін, оның хаты
жергілікті газетке қалай жарық көргені туралы әңгіме берілді. Ал екінші жартысы оқиға орны өзгерген
ғылыми-фантастикалық нұсқадағы әңгімені оқуы керек: ғарыш кемесінде жүрген кейіпкер, бөтен
адамдар, андроидтар жат ғаламшарлықтар. Бірінші мәтінде «есік» деген сөз кездессе, ғылыми-
фантастикалық шығармада ол сөз «шлюз камерасына» ауыстырылады. Сөздері өзгерсе де екі әңгіменің де
оқиғасы бірдей болған.
Экспериментке қатысушылар әңгімені оқып шыққан соң шығармадағы бас кейіпкердің баяндауы мен
оның жай-күйін қалай қабылдағаны туралы баяндауы керек.
Зерттеушілер сюжет желісінің ғылыми фантастикаға ауысуы қатысушылардың көркем тілді түсінуін
бірден төмендеткенін айтады. Олардың айтуынша, ғылыми фантастика оқырмандары кейіпкердің күйін
сезінбейді.
Екінші мәтінді талдағандардың көпшілігі ғылыми фантастикадағы оқиғалар назар аударуға тұрмайды
және терең ойланып оқуды қажет етпейді деп санаған.
2- мәтін.
Курчатов қаласындағы ядролық зерттеу орталығы. Аса қауіпті радиоактивті заттармен жұмыс істеуге
арналған зертхана. Жердің астында бункерде орналасқан. Бункер екі аймаққа қалыңдығы 20 сантиметр
қорғасын тотығы қосылған радиоактивті сәуле өткізбейтін шынымен бөлінген.
Орындық үстінде отырған ғалымдар шынтақтарын төбеден түскен білектей жуан буындары бар
ілмектерге креслоның қанаттарына тіреп отырғандай. Ілмектер қолдың
буындарының қимылына сәйкес дәлме-дәл қозғалады. Әр ілмек басында қайшының тұтқалары
тәріздес көздері бар. Оператордың үлкен және сұқ саусағы осы көздерге киілетін. Шынының арғы
жағындағы ілмек жасанды қолға айналатын. Тек басында саусақтар орынына тістеуік басына ұқсас
қапсыра ұстауға арналған тістері бар манипулятор. Қозғалыс көшірмесін жасайтын манипуляторларды
басқарған үшін оператор роліндегі ғалымдар «бір- бірін қуыршақ жүргізуші» деп қалжыңдасатын.
Қуыршақ театрында жансыз қуыршаққа артист жан бітіреді. Көрермен жан дүниесіне жол салады.
Ғалымдар басқаруындағы металл қолдар жанды дүниеге тиым салынған ортаға жол ашты.
Зертханада жоспар бойынша екі ғалым тәжірибелерін жүргізуде. Бірі жиырма жастағы жігіт. Тік
маңдайынан түскен кекілі бар. Бет жүзінің қырлары тік. Ұзын сорайған мойыннан ақ халат киім ілгішке
іліп қойғандай кең иықтарынан салбырайды. Екіншісі орта жастан асқан бет жүзі дөңгелек келген
ересек адам. Қою қасты, қырғи тұмсығына көзілдірігін іліп алыпты. Қасында манипуляторды басқарып
отырған жас ғылымның қимылын бақылап отыр. Іштей қобалжығанынан ба? Оң жақ құлағының ұшын
ұстай береді.

1-мәтін 2-мәтін

Тақырыбы

Кімдерге оқуға арналған?

Қандай стильде жазылған?

Стильге тән тілдік
құрылымдардан мысал
келтіріңіз

2- тапсырма. "Марсқа саяхат" тақырыбында жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын әңгіме
жазыңыз. Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын
ескеріңіз.100 слов

👇
Открыть все ответы
Ответ:
malinkarinka599
malinkarinka599
01.05.2023

Объяснение:

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес .

4,5(85 оценок)
Ответ:
sweetcarpet258
sweetcarpet258
01.05.2023
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады. Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған. Осы жерден балқыған металл құятын шөміш пен су құятын екі құмыра да шықты. Есентай (Весновка) қаласы Алматыдағы Ботаника бағының шеңберінде, Ремизовка мекені Әл-Фараби көшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр. Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/544-almaty.html
© www.ZHARAR.com
4,6(13 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ