1-тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқып, 2 мәтіннің стилін, тақырыбын, мазмұнын салыстырып жаз. 1-мәтін
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абайдың білім алуына жол ашқан – әкесі Құнанбай болса, тәрбие берген әжесі Зере болды. Шешесі Ұлжан да ұлының тәрбиесі мен білімді болуына көп ықпал жасаған.
Жас Абай бос уақытында өздігінен ізденіп, қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Ол Низами, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, т.б. шығыс ақындарының өлеңдерін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстардың ұлы ойшылдары А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, М.Е.Салтыков-Щедрин, Н.А.Некрасов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларымен танысады, олардан аударма да жасайды. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Ч.Дарвиннің еңбектерімен танысып, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңейтіп, білімін дамыта береді.
2-мәтін
Хабарлама
Құрметті «Абай» кітапханасының оқырмандары! Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай – дара» атты жыр сайысы 12.09.2021 жылы сағат 15:00-де болады. Сіздерді көрермен болуға шақырамыз. Кіру тегін.
Өтетін орны: «Абай» кітапханасы, 1-қабат, мәжіліс залы
Салыстыру аспектілері
1-мәтіннің
2-мәтіннің
стилі
тақырыбы
қысқаша мазмұны (2-3 сөйлем)
2-тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, жанрлық ерекшеліктерін сақтап Абай Құнанбайұлының өмірбаянын жаз. Өмірбаянның құрылымын есте сақта:
1. туған жылы, туған жері
2. отбасы туралы ақпарат
3. жұмыс орны, қызметі туралы ақпараттар
4. жетістіктері туралы ақпараттар
Тірек сөздер: ұлы ақын / 10 тамыз 1845 жылы / қазіргі Семей облысы Абай ауданы / атақты Құнанбай болыс / Зере / Ұлжан / 10 жаста / Ахмет Риза медресесі / 3 жыл / араб, парсы, шағатай тілдері / орыс тілін өз бетімен үйрену / әкесімен бірге ел басқару ісімен айналысу / болыс болу / 10 жастан өлең жазу / 3 поэма, 45 қарасөзі, 100-ден астам аудармалары, 10-нан астам күйлері мен әндері, 500-ден астам өлеңдері
Өмірбаян
Театр – грек тілінен аударғанда «көрініс» деген мағынаны береді. Алғашында театрда сахнадағы əрекет өз кезегінде хор арқылы, немесе түрлі басқа да іс-қимылдармен толықтырылып, комплексті тұрғыда алғанда, үлкен гармониялық аура тудырған. Көбінесе, ашық аспан астында өткен қойылымдарды көрермен жартастардың үстінде, арнайы жасалған биік құрылыстардың үстіне отырып көргенін сол заманнан қалған сəулет құрылыстарынан білеміз. Сондай-ақ ежелгі театр тек Грекия жерінде ғана емес, сондай-ақ көптеген ежелгі шығыс елдерінде, Үндістан, Қытай, Индонезия, Жапония секілді елдерде кеңінен етек жайғаны да белгілі. Орта ғасырдағы Еуропада халықтық театрдың рөлін кезбе əртістер ойнаған. Ал Еуропадағы тұңғыш кəсіпқой театр Италия маскалар комедиясы екені тарихи жазбаларда кездеседі.
Театр сонау көне Грекияда пайда болып, əртістердің ойыны, музыкалық нөмірлер, поэзия, проза, дизайн секілді бірнеше өнерлерді қамтығаны аталып өтілді. Театр осындай жан-жақтылығымен де құдыретті. Яғни бірнеше адамзаттық өнерлерді бір жерде топтастыру, ұйыстыру осындай үлкен өнердің тууына себепші болып отыр. Мысалға алатын болсақ, қойылымдағы əрбір деталь өте маңызды рөл атқарады, əртістің қимылы, табиғаты, болмысы, сөзіне оның киімі, қолданатын заттары үйлесімді болуы керек. Ал жалпы театрдың мазмұнына, мəніне оған сəйкес композиция, музыка дұрыс таңдалуы тағы бар. Мысалы, осы детальдардың үйлесімін қазақ қойылымдарының ішінде «Ай-Қарагөз» қойылымынан көруге болады. Т.Шапайдың «Дариға - дəурен» əнін қойылымға дөп түсірген.
Композитордың өмір сүретін дəуірі мен оқиғаның өрбитін кезеңі бірғасырдан астам уақыттай болады. Алайда, бұл ешқандай кедергі болмай, сол қойылым мен əн тамаша үйлесіп тұр. Бұл жерде музыкалық режиссердің еңбегін атап өту керек. Немесе «Қызыл орамалды шынарым» қойылымындағы қырғыз əні де тамаша сəйкестендірілген. Спектакль бастан аяқ қазақ тілінде болса да, сол əн арқылы қырғыз халқының рухын сезінгендей боласың. Шыңғыс Айтматов есіңе түседі. Қырғыз қойылымында отырғандай сезінесің. Ал сахнаның сәнделуінің өзі - бір өнер. Сондықтан театр өнері барша өнердің ұйысқан жері деп сеніммен айта аламыз.
Театр қойылымдары пьесаның мəтіні бойынша, режиссердің, əртістің, суретшінің, композитордың жұмысынан құралады. Жалпы қойылымның негізі драматургиядан басталады. Тіпті қойылымда мүлдем сөз болмағанның өзінде мəтін өте қажет деталь. Ал сол драматургияны сахналау – кəдімгі бір тілден екінші тілге аударғандай процесс. Ал оның көрерменге жетуі мүлдем басқа жағдай.
Арасынан алып жазсаңыз болады