М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
syromyatnikovа
syromyatnikovа
03.03.2021 20:23 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма: Мәтінді мұқият оқып, негізгі мәселені анықтаңыз. Автордың көзқарасын ажыратып, өз пікіріңізді білдіріңіз. Бал ашамын деп бәлеге қалған…

Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:

–Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас… …Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:

– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:

–Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.

Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Дора18119
Дора18119
03.03.2021

ответ:Оқу  - білім азығы, Білім – ырыс қазығы. *** Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. ***  Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. *** Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні ғаріп. ***  Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады. ***  Өмір - үлкен мектеп. ***  Өмірдің өзі - ұлы ұстаз. ***  Жердің сәні - егін, Ердің сәні - білім. ***  Жер - ырыстың кіндігі, Білім - ырыстың тізгіні. ***  Білімді бесіктен тесікке дейін ізден. ***  Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ. ***  Білімді өлсе, Қағазда аты қалар. Ұста өлсе, Істеген заты қалар. ***  Кітап - алтын қазына. ***  Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. ***  Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. ***  Көргенсіз дегенге кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп. ***  Ғылым - теңіз, білім - қайық. ***  Алтын алма, білім ал. ***  Ұстаздан шәкірт озар. ***  Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала. ***  Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. ***  Әліппенің ар жағы - білім бағы. ***  Ғылыммен жақын болсаң  , қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. ***  Шәкіртсіз ұста - тұл. ***  Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. ***  Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. ***  Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл. ***  Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын. ***  Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.

Толығырақ: https://massaget.kz/maal-mtelder-zhayltpashtar/957

Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Объяснение:

4,6(17 оценок)
Ответ:
artem443090
artem443090
03.03.2021

- Бұдан бірнеше жыл бұрын сіздің жорықшыларыңыз елімізді шауып кетіпті, малымызды айдап, қолға түскен батырымызды байлап алып кетіпті. Міне, сол батырды босатып әкетпек болып келдім. Бұл - бірінші. Екінші жоғым мынау: бір күні малда жүргенімде аспандап ұшқан алты аққудың алтын кебісі менің қолымда қалды. Сол алтын кебіс сіздің елдікі дейді. Соны табыс еткелі келдім, - деп, Кендебай алтын кебісті ханға ұсынады. Хан: - Дұрыс, балам! Сіздің елдің малын айдатып, батырын байлатып алдырғаным рас. Мергенбай батыр әйелімен екеуі біздің қолда. Зынданда жатқан Мергенбай батырға: «Маған қызмет етсең босатам», - деп елші жіберіп едім, қарысқан батыр екен. «Жауыма қызмет істемеймін. Бірақ, қол-аяғымды босатсаң, содан кейін сөйлесем», - деп, қарысып жатып алды. Босатуға корықтық. Ондағы мақсат: сені қолға түсіру еді. Сенің атағың бізге де мәлім еді. Сені алдыртып, құлынымды қоймайтын қара құсқа жұмсамақ едім. Өзім іздеп таба алмаған сон, намысы болса, іздеп келер деп елінді шаптырып, батырыңды байлатып алдыртқан едім. Одан кейін де екі жылдай келмедің, содан соң алты қызым сені іздеп барған болатын. Бұл менің кіші қызымның кебісі. Енді сенің алдыңа қоятын тағы бір шартым бар. Ол мынау: дүниеде жеті басты дәу бар, ақырған арыстан бар, жалмауыз кемпір бар. Осы үшеуін өлтіріп, бастарын алып кел. Осыны орындасаң, батырыңды босатып, беремін, малыңды өзіңе қайтарамын. Кіші қызымды беріп күйеу етемін, - деді. Кендебай Керқұла аттың қанжығасындағы қоржынын алып келіп, арыстанның азуын, кемпірдің басын, жеті басты дәудің көздерін ханның алдына төгіп тастайды. Хан разы болып, зынданда жатқан Мергенбай батырды, оның әйелін, қолға түскен басқа адамдарды азат етеді. Шауып алған малын қайтарып береді. Кіші қызын Кендебайға қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, көп сыйлықтар беріп, Кендебайды еліне аттандырады. Кендебай елдің малын айдап келіп, иелеріне табыс етеді. Ата-анасына қосылып, бала қуанады. Баласына қосылып, ата-ана қуанады. Ұлы думан, үлкен той істейді. Кендебай тұрғанда елге батып ешбір жау тие алмайды. Сөйтіп, бұл ел Керқұла атты Кендебай батырдың елі болып атаныпты.

4,7(77 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ