Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық
бөлімі ашылып, ол 1946 жылы Қазақ КСР-інің Ғылым академиясы болып қайта құрылды.
1990 жылға қарай академия жанында 50- ден астам ғылыми-зерттеу институты болып,
оларда ғылымның барлық бағыттары бойынша 10 мыңнан аса ғылыми қызметкер жұмыс
істеді. Академияның тұңғыш президенті көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,
танымал ғалым, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, академик Қаныш
Имантайұлы Сәтбаев болды. Қазақстан ғылымының ондаған жылдар ішіндегі даму
жолында республика ғалымдары әлемдік маңызы бар жаңалықтар ашты. Қ.И. Сәтбаев,
М.О. Әуезов, Д.А. Қонаев, Ә. Х. Марғұлан, Ш.Е. Есенов, М.А. Айтхожин, Ө.М.
Сұлтанғазин, Ө.А. Жолдасбеков, М.Қ. Қозыбаев, М. Жұрынов, А.Қ. Қошанов және
басқалары Қазақстан Ғылым академиясының мақтанышына айналды. Қазақстан Ұлттық
Ғылым академиясында 43 ғылыми мекеме, олардың ішінде 38 ғылыми-зерттеу институты
жұмыс істеді. Ғарыш, ядролық физика, жоғары энергия физикасы, информатика,
радиоэлектроника, Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар, тарих пен этнология, әдебиет
теориясы салаларында күрделі зерттеулер жүргізілді. Құрамына ғылыми-зерттеу
мекемелері, тәжірибе стансалары мен шаруашылықтар
мен шаруашылықтар енген Ауылшаруашылық
ғылымдары академиясы табысты еңбек етті. (Балаларға арналған «Менің Отаным
Тәуелсіз Қазақстан» энциклопедиясынан)
1.Мәтін бойынша мәселені анықтауға көмектесетін сұрақтар дайында.
1.
2.
3.
Және негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, мәтін негізінде жинақы мәтін жаз.
Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1981), қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (1984) бітірген.
Спорт карьерасы [өңдеу]
Серик Конакбай мен Хосе Агилар 1980 жыл
Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1979), екі мәрте Еуропа чемпионы (ГФР, Кельн, 1979, Финляндия, Тампере, 1981), Әлем кубогінің иегері (АҚШ, Нью-Йорк, 1979), Мәскеуде өткен 22-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (1980), Әлем кубогінің иегері (Канада, Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 1982), КСРО чемпионы (1980, 1984). 1981-87 жылдары бапкерлік жұмыстар атқарды, коммерциялық “Қазақстан” спорт клубының (1990), ҚР кәсіпқой бокс федерациясының (1992-94), ҚР Президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті (1994-96) болды. 1999 жылдан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты. Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері (1993).