М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
denisgolubev1
denisgolubev1
10.04.2023 06:00 •  Қазақ тiлi

Мәтіннің мазмұнына қатысты көтерілген мәселені  анықтаңыз.Үстеулердің мағыналық түрлерін тауып,синонимдік қатарын қолданыңыз.Нысан туралы пікіріңізді білдіріңіз                                            

                                              Әл-Фараби атындағы кітапхана

      Әл-Фараби атындағы кітапхана – 1934 жылы университеттің құрылуымен қатар жұмыс істей бастап, университеттің оқу және ғылыми үдерістерін ақпараттық-кітапханалық қызметпен қамтамасыз ететін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  құрылымдық бөлімшесі. Алматы қаласының ең шырайлы аудандарының бірінде орналасқан ҚазҰУ қалашығы деген атымен танымал студенттік кампуста 2004 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен сол кездегі Чехия Президенті Вацлав Клаус университет кітапханасының жаңа ғимаратының іргетасын қалаған. 

             2012 жылы кітапхана жалпы ауданы 17 856,6 м2   құрайтын, шығыс стилінің нақыштары  жаңа технологиялармен және коммуникациялық шешімдермен жақсы үйлесім тапқан, Орталық Азияда аналогы жоқ заманауи ғимаратқа көшті.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
zhovnovich
zhovnovich
10.04.2023

Сырғанақта.

Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қалың қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп, зулатып сырғанақ тебеді. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды. Көшемізде ата - аналар сырғанақ жасап берген болатын, енді ауладағы барлық балалардың сүйікті орны - осы сырғанақ. Демалыс уақытында балалар сырғанақ теуіп, қар лақтырысып, құмарлары қанғанша армансыз ойнап, біраз тынығады.

4,8(62 оценок)
Ответ:

Ғаламтор және мен.

Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.

Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:

- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.

- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.

- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.

- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.

Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.

Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.

Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.

Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.

Дегенмен де, менің ойымша ғаламтордың зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.

4,8(35 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ