Тапсырма 1. Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз.
1) Акцияның мақсаты неде?
2) Мұндай шараларды өткізудің кітапхана үшін тиімді жақтары бар ма?
3) Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай қалыптастыруға болады? Мәтін ақпаратын негізге алыңыз.
4) Мәтін ақпараты Сізде қандай ой тудырды?
5) Кітапхана оқырмандарының санын көбейту үшін тағы не ісеуге болады?
С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Кітапты сыйға тарту күні» акциясы өткізілді. Бұл акцияда әрбір оқырман өзінің оқылған кітабын әкеліп, оны басқа кітапқа айырбастап алып кетуіне болады. Осы науқан күні кітапханаға 220 адам келді, қойылған кітаптар саны – 650 дананы құрады, оның ішінде 550 дана кітап жаңа оқырмандарын тапты. Бұл іс-шарада кішкентай балаларды көру біз үшін үлкен қуаныш болды, балаларды оқуға тартатын ата-аналар құрмет пен мадақтамаларға әбден лайықты жандар. Осының арқасында балалар өз кітап талғамдарын қалыптастыра алады. Оқырмандар бір-бірмен кітаптар жайлы талқыласып, бір-біріне сұрақтар қойды. Олар тек кітап әкеліп қана қоймай, өздеріне керекті кітаптарын тапқаны бізді қатты қуантты. Міне, бұл іс-шарамыздың басты мақсаты болып табылады.
Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды Қызыл телпек, Мыстан кемпір, Пират пен Сыған, Көктем, және т.б көптеген ертегі кейіпкерлері қарсы алды.
Кештің ашылуы «Буккроссинг» акциясымен басталды («Сізді шақырған кітаптарды іздеңіз»), ондағы әрбір кітап өз оқырмандарын тапты.
Кітапхана фойесінде кеш қонақтары «Әдеби коктейль-бар» атты сайыста өз бақтарын сынады, дұрыс жауап берген қатысушыларға "Синьор Помидор", "Фито-сусын", "Лимонадный Джо" және т. б. коктейльдер ұсынылды. «Маша және Аю» атты фотостендте атақты мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде суретке түсті. Сонымен қатар, фойеде Балқаш сервис колледжі өздері жасаған кондитерлік өнімдерін сатуға қойды.
2. «Бүгінгі таңда кітапханалар қоғамға аса қажет емес, себебі барлық ақпаратты интернеттен табуға болады» деген пікірге жұпта келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз. Ойыңызды айтуда төмендегі тіркестерді қолданыңыз.
Меніңше, менің ойымша, қалай болғанда да, демек, соған қарамастан, өкінішке орай, менің айтпағым, қорытындылай келе...
– Құрамында көмекші есім сөз бар жұмбақтар:
1.Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
2.Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті. (Қарбыз)
3.Талдың басында, жемі бар қасында, Там тұр саялы, достары аялы. (Құс ұясы)
4.Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас. (Нан)
Бұл жұмбақтардағы көмекші есімдер:үстіне,астында,сырты,іші,басында,қасында,үсті,асты,ортасында.
– Құрамында көмекші есім сөз бар өнер туындыларының аты:
“Күн астындағы Күнікей қыз” ертегісі, Абай Құнанбайұлы “Көлеңке басын ұзартып” өлеңі,Сәкен Сейфуллин “Тау ішінде” әні және т.б.
– Құрамында көмекші есім сөз бар мақал-мәтелдер:
1. Бітер істің басына,
Жақсы келер қасыңа.
2.Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса,бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса.
3.Отан от басынан басталады.
Көмекші есімдер:басына,қасыңа,сыртта,басынан.
– Құрамында көмекші есім сөз бар жаңылтпаштар:
1.Құман от басында,
Жүген ат басында.
От басынан құманды алыс
тастасын ба?
Ат басынан жүгенін ап,
ноқта салсын ба?
2.Бұл қар – сүр қар
Сүр қар – кір қар
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
Көмекші есімдер:басында,үстінде.
– Құрамында көмекші есім сөз бар бірнеше сөйлем (8 сөз):
1.Сөздің басы сол жаңа ауыл мұғалімінен басталған еді.
2.Оның үстіндегі көк көйлегі әдеміше, ыңғайлы тігілген екен.
– Құрамында көмекші есім сөзге аяқталған бірнеше сөйлем:
1.Оған бәрінен бұрын ұнағаны – үйдің іші.
2.Анадайдан көрініп тұрған ол – тау шеті.