3-тапсырма. Т.Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңіндегі көріктеу құралдарын анықтаңыздар. Тәуелсізбін!
танып тұрмын өзімді.
Ұшырамын қанат байлап сөзімді.
Ешкім енді көкірегімнен итеріп,
ешкім енді шұқымайды көзімді.
Тәуелсіз ғой ойым менен ұғым да,
бақыт құсым қонды келіп тұғырға.
Тәуелсіздік алды бүгін, қараңдар,
тойым түгіл қайғым менен мұңым да.
Заман өтті -
қансыратып қанаған,
заман өтті -
қалтыратып тонаған.
Тәуелсіздік келді, міне, ақыры!
Зорға жеттім, зорға жеттім мен оған.
Дескриптор:
• Көріктеу құралдарын табады -
4-тапсырма. Сапабек («Қонақтар» әңгімесі) пен шомбал қара жігітті («Нарынқұм зауалы») салыстыра талдап, Венн диаграммасын толтырыңыз.
Дескриптор:
• Екі кейіпкердің жеке болмысын ашады;
• Ортақ қасиеттерін анықтайды. -
5-тапсырма. «Қонақтар» әңгімесін ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз.
Дескриптор:
• Тақырыпты ашады;
• Өзіндік ойы анық байқалады;
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)