1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, тақырыбын, мазмұнын, идеясын, мақсатты аудиториясын
салыстыр. 1-мәтін
Жастықтың оты, қайдасың?
Абай Құнанбаев
Жастықтың оты, қайдасың, Жүректі туртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болж амай?
жастықтың оты жалындап, Жас жүректе жанған шақ. Талаптың аты арындап, Әр қиынға салған шақ
Қайратпен кіріп жалынбай, Акылмен тауып айласын. Мен қалайға?" салынбай, "Жылы жүзбен жайнасын.
2-мәтiн
<<Мен жастарға сенемін>
Мағжан Жұмабаев
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты -
Мен жастарға сенемін!
Кездерінде от ойнар,
Сездерінде жалын бар
Жаннан кымбат оларға ар
Мен жастарға
Жұмсақ мінез жібектер, Суттей таза жүректер, Қасиетті тілектер - Мен жастарға сенемін!
Төмендегі сөздерді тиісті таңдау керек Ал бірінші мәтін үшін және екінші үшін. Көмек беріңіздер, беріңіз.
тақырыбы
негізгі мазмуны
идеясы
максатты аудиториясын.
Кітапхана туралы.
Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты,
кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені.
Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.