Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Атау септігіне қатысты: арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты
Барыс септігіне қатысты: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта
Шығыс септігіне қатысты: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі
Көмектес септігіне қатысты: қатар, қабат, бірге, қоса.