Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Мен қазақ халқының мұндай мейiрбандығын, қонақжайлылығын кең пейiлдiлiгiн үнемi мақтан етiп келемiн. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.
Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi. Солардың ең негiзгiсi Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. Ассамбляның негiзгi бағыты – елiмiздiң тарихына терең үңiлiп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi сақтау және дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегi ұшан-теңiз екенiн айтуымыз керек. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап әр ұлт өкiлдерiнiң мiндеттерiн айқындап бердi. Ал Ассамблея ұлттар достығының алтын көпiрiне айналып отыр.
Объяснение:
Притяжательные окончания 2-ая форма: Айдікі
Атау септік
Ед. число:
Ай
Менiң (мой, моя, моё):
Айым
Сенiң (твой, твоя, твоё):
Айың
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше):
Айыңыз
Оның (его, её):
Айы
Ілік септік
Ед. число:
қаламның
Менiң (мой, моя, моё):
қаламымның
Сенiң (твой, твоя, твоё):
қаламыңның
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше):
қаламыңыздың
Оның (его, её):
қаламының
Барыс септік?
Ед. число:
қаламға
Менiң (мой, моя, моё):
қаламыма
Сенiң (твой, твоя, твоё):
қаламыңа
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше):
қаламыңызға
Оның (его, её):
қаламына
Табыс септік?
Ед. число:
қаламды
Менiң (мой, моя, моё):
қаламымды
Сенiң (твой, твоя, твоё):
қаламыңды
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше):
қаламыңызды
Оның (его, её):
қаламын
Жатыс септік?
Ед. число:
қаламда
Менiң (мой, моя, моё):
қаламымда
Сенiң (твой, твоя, твоё):
қаламыңда
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше):
қаламыңызда
Оның (его, её):
қаламында
Шығыс септік?
Ед. число:
қаламнан
Менiң (мой, моя, моё):
қаламымнан
Сенiң (твой, твоя, твоё):
қаламыңнан
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше):
қаламыңыздан
Оның (его, её):
қаламынан
Көмектес септік?
Ед. число:
қаламмен
Менiң (мой, моя, моё):
қаламыммен
Сенiң (твой, твоя, твоё):
қаламыңмен
Сіздiң (Ваш, Ваша, Ваше):
қаламыңызбен
Оның (его, её):
қаламымен