Ақтау қаласының өмірге келу тарихы туралыАқтау қаласының өмірге келу тарихы XX ғасырдың 40 жылдарының аяғы, 50-жылдарының басында екінші дүние жүзілік соғыстағы одақтас елдер – КСРО мен Америка Құрама Штаттары жанталаса атом қаруымен қарулана бастаған қырғи-қабақ соғыс дәуіріндегі саяси жағдаймен тығыз байланысты.Қысқа мерзім ішінде КСРО-ның сенімді ядролық қорғанысын құру мәселесі уран рудасына деген қажеттілікті алға тартты.1942 жылдың 28 қыркүйегінде КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің «Уран өндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданып, КСРО Ғылым Академиясы жанынан атом ядросының арнайы зертханасын ашу міндеттелді, барлық геологиялық ұйымдар радиоактивті рудаларды іздеуге жұмылдырылды.КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитеті 1944 жылдың 8 сәуіріндегі қаулысымен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы геология мәселелері жөніндегі Комитеттің алдына Орта Азия, Казақстан, Батыс және Шығыс Сібір аймақтарынан уран кен-орындарын іздеуді ұйымдастыру міндетін қойды. Осы жылдың мамырында министрліктер мен ведомстволардың геологиялық басқармаларында арнайы топтар, партиялар мен отрядтар құрылып, алдымен тау жыныстарының, кендерінің коллекцияларына тексеру жұмыстары басталады.1945 жылдан бастап атом энергиясын игеру кең ауқымда жүргізіле бастаса да, елді табиғи уранмен қамтамасыз ету шешілмеген мәселенің бірі болып қала берді. И. В. Курчатовпен қатар кеңестік атом жобасының басты жетекшілерінің бірі ретінде КСРО орта машина жасау министрі Е. П. Славский «… алғашқы реакторға елде бар уран кенінің қоры түгелге жуық салынды. Реактордың әрі қарай жұмыс жасауы үшін қажетті уран тапшы еді…»,- деп еске алады. Осы уақытқа қарай КСРО-да бірнеше радиоактивті кен орындары белгілі бола тұра, олардың бәрі уран қорының аздығына байланысты атом өнеркәсібінің шикізаттық негізі бола алмады. Осындай жағдайда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі 1945 жылдың қазан айында радиоактивті шикізатты іздеу, барлау мақсатында өндірісті шоғырландыру және мамандандыру туралы қаулы қабылдап, барлық күшті атом өнеркәсібін аяққа тұрғызу үшін шикізатпен қамтамасыз етуге жұмылдыруға шақырды. Осы қаулымен мемлекеттік геология комитетінің құрамында алғашқы Бас геологиялық барлау басқармасы құрылып, 1946 жылдың сәуіріне қарай бүкіл ел территориясында геологиялық барлау, тексеру жұмыстарын жүзеге асыратын 270 арнайы далалық геологиялық партияларды құру жоспарланды.«Уран» стратегиясы 1946-1947 жж. алғашқы нәтижесін бере бастады: уран кен орындары орналасқан бірнеше жаңа аудандар анықталды.Алғашқылардың бірі болып, 1950-жылдары Маңғышлақта Меловое мүйісінде бірнеше жаңа уран кен орындары ашылды, оларды ашушылар қатарында – Л. Н. Скосырев, Н. М. Шармин, Ю. Н. Тереховтар болды.Е.П.Славский «…уран рудасы мұнда аса бай болмаса да, кешенді. Уранды осы жерден байыту оған деген аса мұқтаждықтан ғана туындады. Бұл – шөл далада жаңа қала салудың алғы шарты болды…»,- деп бірнеше жылдар өткен соң ғана қаланың салыну тарихының бір құпиясын ашады. «…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.
Я люблю осенние каникулы. Они дают передышку в учебе. Только жаль, что они такие короткие. Осенние каникулы длятся всего неделю.Не успеваешь толком отдохнуть, как уже пора в школу. Обычно я провожу осенние каникулы дома. Погода уже холодная и дождливая, поэтому на улице не особенно погуляешь. Дома я читаю книги, или роюсь в Интернете. Если выглядывает солнышко, я выхожу во двор. По вечерам мы играем с папой в шашки, нарды и другие настольные игры. Иногда, когда погода позволяет, родители едут в лес за грибами. И меня, конечно, тоже берут с собой. Поэтому при слове «осенние каникулы» я первым делом вспоминаю мокрый лес и грибы. Еще на осенних каникулах мы ездим к бабушке. Я остаюсь у нее на несколько дней. К моему приезду бабушка обычно берет билеты в цирк или на детский спектакль, и мы с ней ходим смотреть представление. Чтобы мы на каникулах не скучали, наш классный руководитель тоже организовывает какой-нибудь культурный поход, например, в музей или на выставку. Так что те осенние каникулы я провел очень хорошо.
Мен күзгі демалыстарын жақсы көремін.Бірақ бір ғана өкініштісі,демалыс қысқа.Күздің демалыстары небәрі бір апта.Демалып үлгермейтін сияқтысын. Әншейін мен күзгі демалыста үйде боламын.Ауарайы суық және жауынды,сол себептен көшеде жүре алмайсын.Үйде мен кітап оқып немесе ғаламторда отырамын. Күн қылтиса мен аулаға шығамын. Кешке жакын біз әкеуміз екеуміз дойбы,нарды және әр-түрлі ойындарды ойнаймыз. Анда-санда ауа райы ашық болғанда, ата-анам саңырауқұлақ теруге орманға барады. Әрине, мені де алып барады.Сол себептен "күзгі демалыс"сөзінен мен саңырауқұлақтар жинағанымды еске аламын. Тағы күзгі демалыстарында біз әжеге бараиынбыз. Мен бірнеше күнге сонда қаламын. Менің барғанда әже циркқа билет алады немесе балалар қойылымына апаратын. Біз демалысты қызық өткізсін деп, сынып жетекшіміз де мұражайға немесе көрмеге апарады.Мен күзгі демалысты жақсы өткіздім.
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.