Сөйлемдерден рай түрлерін анықтап, жаз. Не ексең,соны орарсың. Мезгілі жетсе,мұз ерір. Көп іздеген адам көмбенің үстінен шығар. Бай болсаң,халқыңа пайдаң тисе игі еді, Батыр болсаң,жауыңа найзаң тисе игі еді. Пайда ойлама, ар ойла.
Ашық рай:
Қалау рай:
Бұйрық рай:
Шартты рай:
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.