Күн қайда асығады?!
Нендей күш күннің нұрын жасырады?!
Қызарып соңғы сәуле шашырады.
Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Несіне асығады?!
Көкжиекке ымырт кеп асылады,
Түн келіп, дүниені басынады.
Күн неге асығады, асығады?!
О, жарық дүнием-ай!
Қуатым-ай!
Несіне асығасың, тұра тұрмай.
Өмірді басқа арнаға бұратындай.
Түннен қорқам...
Мәңгілік тұратындай.
Тоқташы!
Тоқтай тұршы, қуатым-ай!
Білмеймін асығатын Жер ме, Күн бе?!
Белгісіз, не күш мені тербетуде?!
Қара жер қашан өткен күнді айналып?!
Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер бетінде.
Жетпедім ұшығына күнде ойланып,
Жер қайда асығады, күнді айналып?!
Тірлікте қара түннің керегі не,
Кетпей ме онан-дағы күнге айналып.
https://weaft.com/documents/stihi-na-kazahskom-yazyke-mukagali-makataev-kazakh-language-poem
31. Сұраққа жауап беріңіз: «Қасқыр ауыз» дегеніміз не?
b) таңдайдағы саңылаумен сипатталатын ауру
32.Сұраққа жауап беріңіз: Қасқыр ауыз кемістігі қай кезде пайда болады?
d) жүктілік кезінде
33. Сұраққа жауап беріңіз: Алынбайтын протез қандай жағдайда салынады?
d) науқастың бірнеше тісі болмаған жағдайда
34. Сұраққа жауап беріңіз: Имплантант дегеніміз не?
d) Тістің сүйек ұлпасына енгізілетін конструкция
35. Сұраққа жауап беріңіз: «Имплантты протездеудің» қызметі қандай?
a) тіс түбірін алмастыру
36. Аллюминий оксидінен немесе цирконий оксидінен жасалған қаңқалардың артықшылығына жатпайтын қасиетті табыңыз
c) металл негізі жоқ
37. Аудармасын табыңыз: Жалаңаштанған тістеріңіз бар ма? –
c) Есть ли оголенные зубы?
38. «Сирек» сөзінің антонимін табыңыз
a) шамадан тыс
e) жиі
39. Сұраққа жауап беріңіз: Тіс сезімталдығы дегеніміз не?
e) ыстық әлде суықтан сезілетін тіс ауруы
40. Аудармасын табыңыз: Нервное волокно –
b) жүйке талшығы