Антонимдік қатар – жоғары – төменантонимдік мағынадағы сөз тіркестері – жабық дүкен – ашық дүкенантонимдік мағынадағы сөз тіркесі – жақсы , жаман ік мағынадағы сөз тіркесі – сараң бай, жомарт қтауыш. қазір қазақстанның өндірісі келеді – қазақстанныңасты сызылған сөздің антонимі. жуан дауысты дыбыстарды атап шығыңыз – жіңішкеасты сызылған сөздің сөйлемдегі қызметі. тоңазыған денесі жылынып еді, алайда ашылған ұйқы қайта басты. – бастауышатаулы сөйлем – тыныштық.ауыспалы өткен шақта тұрған етістік – мен оқитынмынберілген сөздің антонимдік қатары «жас» - кәріберілген сөйлемдегі тұрақты сөз тіркесі. бұлардың су жүрек екенін бәрі біледі – су жүрекболымсыз етістіктің жұрнағы – ма,ме,ба,бе,па,пеболымсыз етістік – айтқан жоқбұйрықты сөйлем – жұмысқа жетіңізетіс түрлері – төртеуетістіктен сын есім тудырушы жұрнағы бар қатар – ашық күн, білгіш қызжер болу» тұрақты сөз тіркесінің – ұялужұрнақ арқылы жасалған сын есім – таулыиелік формасындағы есімдіктер – оныкі, өзімдікікөптік жалғауы бар сөздер қатары – саябақтар, ескеркіштеркүрделі бастауышы бар сөйлем – жас ағаштарды мектеп бітірушілер отырғызғанкүрделі етістігі бар қатар – емделіп отыр, қуанып жүрқосарлану жолымен жасалған қос сөз – көрпе жастыққосымшалары қатаң дауыссыздан басталатын сөздер – еңбектің, ермектенқуанышты» сын есімінің түрі – қатыстықмағыналары қарама-қарсы сөздер – жомарт - сараңмақалдаң тақырыбы. отан оттан да ыстық – отанмақал-мәтелдердегі антоним – аз сөз – алтын, көп сөз – күміс.мақал-мәтелдердегі болжалды келер шақтағы етістіктер – жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқамақал-мәтелдердегі болжалды келер шақтағы етістіктер –ексең егін, ішерсің тегінмұражай» сөзінің буын түрлеріне сәйкес қатар – ашық-ашық-бітеунақты санды білдіретін сан есім – есептікнегізгі етістік тізбегі – көр, алоңай сөзінің антонимі - қиынөздік етіс – киіндіөте жарық» сын есімнің тіркесетін сөзі – бөлмесалалас құрмалас сөйлем түрі. киіз үй дауылдан жығылмайды және нөсер жаңбырдың суын өткізбейді – аңғайлассапалық сын есім – көкпеңбексиноним сөздер қатары – түгел, барлығысөз тудырушы жұрнағы бар қатар – түне, шегеле, бастасөйлем құрамындағы шылау. алайда алдымен артиллериямен байқап көрмек. – алайдасөйлемде берілген фразеологиялық тіркестің синонимі. оған қанша айтса да, беті бүлк етпейді – ұялмайды сөйлемдегі үш қатаң дауыссыз дыбысы бар сөз. таңертең сәуле далаға ерте шықты. – шықтысырт киім» сөзінің антонимі – іш киімсұраулы сөйлем – қандай музыкалық аспапта ойнай аласызсұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлем – тоғызқұмалақ ойынын білесің бе? тек қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөздер қатары – пышақ, қасық, тастолықтауыш қызметін атқарып тұрған жіктеу есімдігі – көкшетаудың табиғаты маған ұнадытуынды етістігі бар қатар – сана, билетуынды етістігі бар сөз тіркесі – ойланып отыр, дұрыс бағалатуынды етістік – бастатуынды сөз – әдептітұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер – тұрақтытұрақты сөз тіркесінің синонимі «қоян жүрек» - су жүректүбір сөз – ұяң дауыссыз дыбысы бар етістіктер – жазды, алды, көрдіұяң дауыссыздан басталатын жалқы есімдер – жандос, зәурехабарлы сөйлем – абайға ертегі, аңыз үлгілері өте ұнайтын.хабарлы сөйлем – ға қайырымдылық жасау – қазақ халқының дәстүрііші» сөзінің антонимі – сырты
Жамбыл Жабайұлы (28 ақпан 1846,Жамбыл тауы-22 маусым 1945, Алматы) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Өмірбаяны
Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүзШапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.