М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
KSeNiYa2800
KSeNiYa2800
18.08.2020 09:28 •  Қазақ тiлi

2- тапсырма . Мәтіндегі негізгі ойды анықтап , баяндау желісіне сай әр бөліктен алынған ақпараттардан жинақы мәтін ( аннотация ) жазыңыз . ( 80-90 сөз . ) 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді Дәл осы жылы туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып ал 1997 жылы 1997-2003 жылдар кезеңінде Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарының өркендеуі түркі тілді мемлекеттердің мәдение мұрагварын сақтау және туристік инфрақұрылым қурун мемлекеттік бағдарламасы бекітілді . Елімізде туризмнің дамуы үшін барлық қажетті , мадени , тарихи географиялық және климаттық жағдайлар бар Қазақстандағы қандай туризм түрлері бар екенін білесіз бе ? Бізде туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді . Олар : отнотуризм тау , туризмі емдік сауықтыру туризм мәдени танымдық туризм аңшылық пен балық аулау , т.б. Этнотуризм , Этнотуризм - Қазақстандағы елдің бай тарика векені мен қазақ халқының мәдениетінің азiңдiгiне қызығатын адамдарды тартатын туризмнің бір түрі . Қазақстанның қай аймағында болмасын жасаушылар қазақ этносына тән салт - дәстүрмен , шығармашылық ерекшелікпен танысып елдің мәдениеті мен тұрмыс тіршілін зерттей алады Емдік сауықтыру туризмі . Дамушы еліміз- емдік сауықтыру туризм үшін ерекше жер Себебі еліміз тек қана емдік табиғи ресурстармен ғана бай емес сонымен бірге табиғи аңiрлерде орналасқан заманауи ши де танымал , Емдік - сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралғаң сондықтан сіз елдің қай жерінде болсаңыз да , емдету мен демалысты қатар қолдана аласыз . Емдік журеаттар түрлі ауруларға ем болатын минералды су Слғы мүйімен емдеу , емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады Мадени - танымдық туризм . Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық кесікті жерлер бар екен Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын объектілері ЮНЕСКО агамдық маңызы бар ескерткіштері болып танылады және осы уйымның қарауында санымен қатар мадени құндылықтардың 2 мингликаннан астам бірліктері қазіргі Қазақстан жерінің тұрмыктық мәдениетінің дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді

👇
Ответ:
ПавелКрут
ПавелКрут
18.08.2020

ОЙ Б Л Я С ТАКИМИ ВОПРОСАМИ В ТЮРЬМЕ СИДЯТ

Объяснение:

4,5(35 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
arinka200000
arinka200000
18.08.2020
Жаз

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жок,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап.

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
4,5(41 оценок)
Ответ:
eka04599
eka04599
18.08.2020

Бауырсақ-кәделі тағам. Басқа нан тағамдарына қарағанда, бауырсақ өте дәмді әрі тойымды. Бауырсақ – дастарқан сәні. Адам оны сүйсініп жейді. Бауырсақ пісірмейтін қазақ жоқ, сірә. Бауырсақты пісіру былай тұрсын, оны жақсы көрмейтін адам жоқ. Бауырсақты қазақтар ғана тұтынады десек, қателесеміз. Оны моңғол, орыс, қытай, француз қатарлы көптеген әлем елдерінің ас мәзірінен де көруге болады. Орыс болсын, кәріс болсын, барлық ұлт өкілдері бауырсақ көрсе, ауыз тимей кетпейді. Негізінен бауырсақтар әр өңірде әртүрлі жасалынады. Мысалы, үлкен, домалақ, ішіндегі қамыры мол, сыртқы түсі аппақ бауырсақтар пісіріледі, олардан кішірек, жақсылап қуырылған қып-қызыл өріктей бауырсақтар пісіріледі, іші қуыс домалақ сары бауырсақтар, кіп-кішкентай тіске салғанда қыртылдап беретін ши бауырсақтар, төрт бұрыш пішінді ішінде қамыры мол сары бауырсақтар, төрт бұрышты жалпақ бауырсақтар тағы басқа түрлі бауырсақтар кездеседі. Бауырсақ ашытылған және ашытылмаған қамырдан пісіріледі

4,6(94 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ