Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ол алғашқы дәуірдегі Пятис деген
орналасқан.
Балқаш
қалдығы боль
Балқаш көне
байланыстыр
(қанша?). Іле
алынды. Мен
614 км, ең терең жері
ЖАЗЫЛЫМ
-тапсы
Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ге төмендеген. Қазіргі Балқаштың ұзындығы –
26,5 м.
Балқаш көне түркі тілінде «балшық», «балық» деген мағынаны білдірген. Суының деңгейі
бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Ұзынарал буғазы Сарыесік пен Балқашты байланыс-
тырады. Соның нәтижесінде көлдің батысында су
ащы. Көлге
тұщы, ал шығысында
негізгі суды Іле өзені құяды. Іле өзенінің ұзындығы
2 385 км. Іле өзенінің басы Қытайдың
Текес және Күнгес өзендерінің қосылатын жерінен басталады. Іле өзенінің Қазақстандағы
ұзындығы
740 км. Іле
Жетісу аймағындағы ең ірі өзендердің бірі. «Іле» сөзі моңғол тілін-
дегi «ил, илэ» деген сөзге жақын, яғни «ашық, айқын» дегенді білдіреді.
Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі тоғайлы-батпақты жерлер мемлекеттің қорғауына
алынды. Мұнда балықтың сазан, көксерке, аңбалық, ақмарқа т. б. 12 түрі кездеседі.
«Сен білесің бе?» энциклопедиясынан
1 сурет
АЙТЫЛЫМ
4
-тапсырма.
Сұрақтарға сан есімдерді
қолданып, жауап бер.
1. Сен Қазақстандағы қандай көл/өзендерді білесің?
2. Олар Қазақстанның қай жерлерінде орналасқан?
3. Ол көл/өзендердің ұзындығы қандай?
4. Сенің облысыңда қандай көл/өзен бар?
5. Ол көл/өзендерге барып көрдің бе?
6. Олардың атының шығу тарихын білесің бе?
7. Олардың ұзындығы мен тереңдігі қандай?
8. Көл мен өзеннің қандай айырмашылығы бар?
теңіздің қалдығы болып есептеледі. Көл Сарыарқа мен Сарыесік құмдарының аралығында
Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиі» әдеби жәдігер
Орталық Азияның XVI ғасырдағы атақты тарихшысы, әдебиет майталманы Мұхаммед Хайдар Дулаттың (1499-1551) өмірі мен шығармашылығын зерттеу мен зерделеу әдебиеттану, тарих, философия, дінтану, лингвистика ғылымдары алдындағы үлкен міндет.
Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегінің құндылығы оның қазақ тарихы мен әдебиетін және мәдениетін өткен түркілік дәуірмен, исламдық тарихи кезеңмен сабақтастыра алуы болды.
Тақырыптың өзектілігі. «Тарих-и Рашидидің» әдеби-көркемдік жағы әлі де болса толық зерттеу нысанына айнала қойған жоқ. Еңбекті зерттеген ғалымдардың көпшілігі оған әдеби шығарма ретінде емес, тарихи еңбек ретінде қарап, бағалады.
Фольклортанушы, академик С.Қасқабасов: «Жыраулар өз шығармаларында идеалды әміршінің бейнесін жасады, -дей келіп, – өздерінің монолог түріндегі айтылатын толғауларында жырлаулар маңызды мемлекеттік мәселелермен қатар заман мен қоғам, адам мен заман, тұлға мен тобыр, сондай-ақ имандылық пен қайрымдылық, өмірдің өткіншілігі мен адамның опасыздығы, өлім мен өмірдің қайшылығы сияқты моральдық, этикалық, фәлсафалық проблемаларды көтеріп, қоғаммен байланыстыра жырлап отырады» деп жазған болатын [3, 8 б.]. Осы айтылған ғұлама пікірдің Мырза Хайдар шығармашылығына түгелдей қатысы бар. Өйткені, ХVІ ғасырда өмір сүрген Асан Қайғы да, Қазтұған да, Шалгез де Мырза Хайдардың замандасы, ұлысы басқа болғанымен ұлты бір қандастары. Олар да Мырза Хайдар Дулат секілді Әз Жәнібек хан, Битемір, Ораз-Мұхаммед сынды қазақ хандары мен Ноғай әмірлерінің сарайы маңында тіршілік етіп, әміршісі мен заманының күрделі де келелі мемлекеттік маңызды тақырыптарын сөз етті.
Мырза Хайдар «Тарих-и Рашиди» еңбегінде 1346-1546 жылдар аралығындағы Орталық Азия, Тибет, Ауғанстан, Кашмир, Иран, тіпті Иракқа да қатысты көптеген тарихи оқиғаларды, сондай-ақ автор өзі өкілі болып табылатын қазақ өмірінің де бірқатар деректерін сол дәуір шындығына сай баяндайды. Ғұмырнамалық әдеби еңбегін жазу барысында Мұхаммед Хайдар қоғамдық шындықты басты принцип ретінде ұстайды, сонымен бірге өз шығармасының көркемдік-әдеби жағына мұқият назар аударады