Саяхаттау - адамның өмірін жарқын ете түсетін, түрлі тәтті естеліктерге толтыратын дүние. Ол адамға қанат бітіріп, дүниетанымын кеңейтеді. Мен саяхаттағанды қатты ұнатамын. Әзірге шетелдерге шығып көрмедім. Бірақ еліміздің біраз өңірлерін, қалаларын араладым. Мен Алматыда тұрамын. Кішкентай кезімнен бері Семей, Астана, Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Алакөл, Атырау өңірлерінде болдым. Ол жақтардың ауа райы, табиғаты әр түрлі болса да, маған ұнады. Астанада зәулім әрі заманауи ғимараттарды көріп, Ақорданы, Бәйтеректі тамашаладым. Ал Семейде қазақтың бас ақыны, хакім Абай туылған жерде болып қайттым. Көкшетауға барғанымда Оқжетпес тауын, Жұмбақтасты, Шортанды көлін көріп, Бурабайдың тұмса табиғатының аясында болып қайттым. Ол жақта жаным ерекше рахат тапты. Сонымен қатар Абылай хан алаңы мен тағын көрдім. Болашақта мен шет елдерді аралағым келеді. Италияға, Америкаға, Францияға баруды армандаймын. Францияға барып, әйгілі Эйфель мұнарасын тамашалап, сол жерде отырып кофе ішіп, француздың круассанын жегім келеді. Сонымен қатар Кореяға барып, кәрістердің мәдениетімен танысуды армандаймын. Оған қоса Таиландқа немес Мальдив аралдарына барғым келеді. Жағажайда күнге қыздырынып, суға түссем деймін. Әр мемлекетке барғанда, өзімнің армандаған дүниелерімді жасап, жақсылап саяхаттасам деймін. Және болашақта солай болады да. Мен оған сенімдімін.
Объяснение:
я учитель
1)ВЖетіқарақшы
2)В Шұмбұлақ Медеу
Объяснение:
2тапс
1 Ақиқат
2Ақиқат
3Жалған
Жазылым
Сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертеді.
Жетісу... Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан, солтүстігінде Балқаш көлінен, оңтүстігінде Тянь-Шаньның қарлы шыңдарына дейін созылып жатқан осынау бір көркем жерұйық мекенді ежелден бері жеті судың өлкесі атап кеткен. Олай деп аталуының себебі, жердің шұрайын беретін Іле, Тентек, Лепсі, Басқан, Ақсу, Қаратал, Көксу, сияқты өзендердің осы мекеннен ағып өтетіндігі.
Осындай ұлан-ғайыр алқаптың табиғаты да әртүрлі. Бұл жерде мемлекеттік қорғауға алынған жерлер де бар. Тау етегінің ауасы ылғалды, салқын болса, енді бір жерлерде көк майсаға бай, кішкентай өзендер мен тау бұлақтары көп, егін егіп, мал жаюға өте қолайлы жерлер де кездеседі.
Жетісу жайлы сөз қозғасақ, оның ерекше табиғаты жайлы айтпай өту мүмкін емес. Жетісу – көне мәдениеттің ордасы, өлкенің тарихы ғасырлар қойнауына сүңгіп жатыр, мұның айқын дәлелі – ежелгі ескерткіштер мен археологиялық жәдігерлер. Жетісуды мекендеген ежелгі Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларынан бізге қалған баға жетпес мұра – Тамғалы тас. Тамғалы петроглифтері асқан құнды адамзат мұрасы ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енгізілген. Тастарда VIII-IX ғасырларда қыпшақтардың жазбаларымен қатар Будда құдайларының бейнелеріқашалып салынған. Табиғаты жайлы Жетісу өңірінің ең көрікті мекендерінің бірі – Іле өзенінің жағалауы. Аспан астындағы көне мұражай болып саналатын Тамғалы Тас шатқалында балық аулап, қайықпен жүзіп, таза ауамен тыныстай аласыз.