Аяз атаға хат жазу.
Сәлеметсіз бе, құрметті Аяз Ата!
Қал – жағдайыңыз, денсаулығыңыз жақсы ма?
Барша әлем балалары Жаңа Жыл жақындаған сайын сізді тағатсыздана күтіп, өз хаттарын жолдау үстінде. Мен де сол сиқырға сенетін балалардың бірімін.
Есімім Ақмаржан, жасым сегізде. Биыл екінші сыныпта оқып жатырмын, сабақ үлгерімім жақсы, үздік оқушымын. Тәртібім де жақсы. Мектепте өткізілетін әрбір шараға белсене қатысқанды ұнатамын.
Бұл менің сізге жазып отырған үшінші хатым. Алдыңғы жылдары жазғанымда өзіме және кішкене бауырыма ойыншық сұрағанмын. Ол арманымдарымды орындағанына үлкен рахмет!
Сізден сұрайтыным сіздің тұратын жерге отбасыммен саяхат жасап, өз көзіммен көрсем деймін. Ол жер ғажайып сиқырға толы деп ойлаймын.
Сәлеммен, Ақмаржан.

Саяхаттау - адамның өмірін жарқын ете түсетін, түрлі тәтті естеліктерге толтыратын дүние. Ол адамға қанат бітіріп, дүниетанымын кеңейтеді. Мен саяхаттағанды қатты ұнатамын. Әзірге шетелдерге шығып көрмедім. Бірақ еліміздің біраз өңірлерін, қалаларын араладым. Мен Алматыда тұрамын. Кішкентай кезімнен бері Семей, Астана, Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Алакөл, Атырау өңірлерінде болдым. Ол жақтардың ауа райы, табиғаты әр түрлі болса да, маған ұнады. Астанада зәулім әрі заманауи ғимараттарды көріп, Ақорданы, Бәйтеректі тамашаладым. Ал Семейде қазақтың бас ақыны, хакім Абай туылған жерде болып қайттым. Көкшетауға барғанымда Оқжетпес тауын, Жұмбақтасты, Шортанды көлін көріп, Бурабайдың тұмса табиғатының аясында болып қайттым. Ол жақта жаным ерекше рахат тапты. Сонымен қатар Абылай хан алаңы мен тағын көрдім. Болашақта мен шет елдерді аралағым келеді. Италияға, Америкаға, Францияға баруды армандаймын. Францияға барып, әйгілі Эйфель мұнарасын тамашалап, сол жерде отырып кофе ішіп, француздың круассанын жегім келеді. Сонымен қатар Кореяға барып, кәрістердің мәдениетімен танысуды армандаймын. Оған қоса Таиландқа немес Мальдив аралдарына барғым келеді. Жағажайда күнге қыздырынып, суға түссем деймін. Әр мемлекетке барғанда, өзімнің армандаған дүниелерімді жасап, жақсылап саяхаттасам деймін. Және болашақта солай болады да. Мен оған сенімдімін
Объяснение:
менің өз ойым
маған тіркеле кет ^_^(+_+)