11упр
Объяснение:
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным, мен үшін аса қымбат жер Шырайлы Шымкент! "Шымкент қаласы қазақ халқының алтын ордасы", - деп бекер айтылмаған. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттыққа толы, уайымсыз балалалық шағым өтті. Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Арман қуып, Алматы қаласына оқуға түсіп, шым қаламнан алыстап кеттім. Әрдайым өз туған жерімде болмасамда, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, әрбір бөлшегін еске түсіріп, сағынасың. Өзіңе қымбат жандардың барлығы да сол қалада.
2. қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі
3.Қатал мінезді әкенің тәрбиесінде өскен Ілияс жас кезінен бастап - ақ өткір мінезді, өжет, еңбекқұмар және зерек болады. Өйткені оның әкесі Жансүгір қолөнеріне мейлінше жетік болған. Ол аяқ киім тігетін етікші және темір мен ағаштан түйін түйетін ұста екен. мұнымен қатар ескіше хат танитын, арабша сауатты кісі болғандықтан, халық ауыз әдебиетін көп оқып, көп жинапты. Сегіз қырлы, бір сырлы, осындай шебер әке өз қолынан келетін бар өнерін Ілиясқа жас кезінен үйреткен. Сондықтан Ілияс та әкесіндей әрі етікші, әрі ұста, әрі әнші, әрі домбырашы болады.