1. С
2.В
3.А
4. 1 азат жол: Бұл азат жолда судың адам денсаулығына пайдасы туралы айтылған.
2 азат жол: Егер су жетіспесе ағзаға қауіп төндіретіні айтылған.
3 азат жол: Су тапшылығы мәселесінің өршуі
4 азат жол: Африка және Қытай елдерінде су жетіспеуінен адамның түрде ауруларға шалдығуы
5. 1) Су- адам үшін өте пайдалы.
2) Адам сусыз тіршілік ете алмайды.
6. Эссе
Көшпенділер мәдениеті
Көшпенділер мәдениетіКөшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табигатка негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды
Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайы ара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды».
Осындай қанатты сөздерін қазақ мақал-мәтелдеріне ұқсатып мазмұнына қарай тақырыптарға бөлдім:
Қорқыт атаның тұрмыстық қажеттіліктерге
байланысты нақыл сөздері:
Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ
несібесінен артығын жемес
Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас,
Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды
Алла, алла демейінше іс өнбес, қадір тәңірі демейінше ер байымас
Баба малынан не пайда, баста дәулет болмаса
Қонақ келмеген қара үйдің құлағаны игі
Шабуын білмеген оқалы (үкілі) қылыштан шоқпар артық