Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орыңдаңыз. Қазақтардың аспан әлемін тануы
Қазақ есепшілері ерінбей, жалықпай жұлдызды аспан әлемін үздіксіз бақылады. Ондағы әр алуан,
ғажайып сырлы өзгерістерді хат сауаты барлар естелікке алып, жазып отырды. Өте сұңғыла есепшілер
аспан әлеміндегі көрнекті жарық жұлдыздардың орнын, орын қозғалысын жақсы білді. Ол
жұлдыздардың қай мезгілде аспанның қай бағытынан туатынын анықтады. Одан барып ол
жұлдыздардың бейне-белгілеріне қарап оларға лайықты, жарасымды қазақ тілінде аттар арнап қойды.
Әр жұлдызды сол қойылған атымен атады. Мәселен, Жеті қарақшы, Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат,
Шолпан, Құс жолы, Жамбас жұлдыз, Құйрықты жұлдыз, Арқар жұлдызы, Мүйізді жұлдыз, Маңдай жұлдыз,
Төбе жұлдыз, Ай, Күн, т.б. деген тәрізді аспан әлеміндегі көптен көл жұлдыздарға ат қойып, олардың
тұрған орнын маусым ауысымы мен жұлдыздың орын ауысымын жақсы білді. Осы ауысымдарға қарай
ауа-райында әр түрлі өзгерістердің болатындығын күн ілгері есептеп, біліп отырды.
Қазақ есепшілері өздері ат қойған жұлдыздардың қай мезгілде аспанның қай өңірінен қалай туып
көрінетінін, таңға жақын қалай бататынын анық білді. Бұл жұлдыздардың орын ауысуына байланысты
ауа-райында өзгеріс болатынын ұзақ тәжірибеден өткізді, оны есептеп, хатқа түсіріп, тәжірибе ретінде
мұра етіп сақтап қалды. (https:// kerey.kz )
1-тапсырма. Негізгі ойды білдіретін 4 тірек сөзді жазыңыз.
Активация Windows
Чтобы активировать Windows repare page
«Менің Қазақстаным»
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері,
Қазақстан – қазағымның туған елі.
Кен байтақ Қазақстандай жерде туған
Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Алматы бұл бұрынғы астанамыз,
Алатаудай тауы бар асқаралы.
Нұрсұлтандай арысты туған өлке
Бақыттың баршасы басталады.
Астана - бәйтеректің қаласындай,
Астана - бұл қазақтың панасындай.
Елге ғана осындай даласы бар
Астанадай жас қала жарасымды - ай!
Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз?!
«Туған жерім»
Күн шуағы өзіңнен нұр береді,
Туған жерім сол нұрмен түрленеді.
Кең байтақ Егеменді туған жерім,
Елбасының еңбегімен гүлденеді.
Ақорда - Алашымның астанасы,
Бәйтерек - ең үлкен баспанасы.
Даласында Сарыарқаның самал ескен,
Мұның бәрі қазақтың байлығы екен.
Елбасына
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымыз да ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.