3 -тапсырма. Мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Зытып келем, зытып келем. Арты- ма қарай-қарай зытам... Зытып келе жатқаным қашып келемін, артыма қарай беретінім қорқып келемін... Мен қазір ондамын. «Әліпті таяқ деп білмейсің», деп ауылдың балалары мазақтай беретін еді, жазғытұрым қолыма сиыршының таяғы түсті. Енді естияр азамат болдың... Мына таяқты Қолыңа ал, осы ауылдың сиырын енді сен бағасың! деп ағам Айдынғали таяғын маған ұстатты да өзі аяқ-еңбек іздеп, қалаға кетті. Қалаға кіріп, қатар-қатар тізілген көп тақтай дүкендердің оңашарақ тұрған біреуінің жанына келдім де жып-жылы жерге құлай кеттім. Жұмсақ құм өзінен-өзі үгітіліп, жамбасқа жайлы төсек бола кетті... О, қасқаңның жатысын-ай!.. деп, тап өзіме ұқсаған екі бала мені аяқтарымен бүйірге түртіп тұрғандарын бір аңдағандай болып ем, көзімді ашуға дәрменім жетпе- составить 4 вопроса фото продолжение текста
Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер.
Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.
Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы: Түнде жыламас болар, қарағым.
Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы.
Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы: Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші, Шығыс ұлы!
Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:
1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т. б.
2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.
3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т. б.
4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т. б.
5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т. б.
Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:
-сөйлем басында келсе, одан кейін;
-сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;
-сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Мысалы: Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Объяснение: