
Құстардың табиғатта алар орны ерекше. Құстар аспанда қалықтап ұшады. Бейне бір еркіндікті, азаттықты әйгілейтіндей аспандап самғайды. Негізінде құстардың алуан түрі бар. Осы алуан түрлі құстардың ішінде а ең жақыны - қарлығаш. Қарлығаш жайлы айта кететін болсам:
Қарлығаш - айыр құйрықты, қанаттары ұзын әрі ұзын келетін, шағын денелі қара ала құс. Қарлығаш сөзі "қара" "ала" "құс" деген сөздердің кірігуінен шыққан. Қарлығаштың басқа құстардан айырмашылығы-жемін ұшып жүріп ұстайды. Суды да ұшып жүріп ішеді екен. Бүкіл әлемде қарлығаштың 80 түрі бар екен. Қарлығаш пайдалы құс. Зиянды шыбын-шіркейді өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Қарлығаштар жылына екі рет жұмыртқалайды. Алты-жеті күннен соң жасап бітірген ұясына 3-тен 7-ге дейін жұмыртқа салады. Екі-үш аптада балапан басып шығарады. Негізінде ата-бабаларымыз қарлығашты ертеден жақсы көрген.
Қарлығаштай сүйкімді, еңбекқор, ақылды болсын деп қыздарына "Қарлығаш" деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз ертегілерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегі сипатталады. Мысалы, "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" ертегісі, Төле бидің қалай "Қарлығаш би" атанғаны туралы айтылса, мақал-мәтелдерде қарлығаштың адам мен шын дос екені, оның жүйрік екені жайлы айтылады. Мысалы,"ұшқанда қарлығаш озар, сайрағанда сандуғаш озар", "адам досы - қарлығаш" және тағы басқа мақал-мәтелдер өте көп. Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамалдар да бар. Мысалы: Қарлығаш биіктеп ұшса - күн ашық болады. Жер бауырлап ұшса - жаңбыр жауады. Түсінде қарлығаш көрсең, бақытқа кенелесің...
1 тапсырма
А - шын
В - жалған
С - шын
2-3 тапсырма
Жалған(антоним) - шын
Зор(синоним) - мықты
4 тапсырма
Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды - - 3
Дені саудың - жаны сау - - 1
Адам терісінің ең өсімтал бөлігі - шаш пен тырнақ - - 2
5 тапсырма
Денің сау,ұзақ өмір сүргін келсе не істер едіңіз?
Күнделікті спортпен айналысатын едім. Әрдайым пайдалы тағамдарды тұтынып, уақытылы гигиена талаптарын сақтап жүруді де естен шығармайтын едім.