Халқымыз ежелден ұлы тұлғаларын ұлықтаған, ел қорғаған жауынгерлерін жырларына арқау еткен.Сол дәстүр күні бүгінге өз маңызын жойған жоқ. Өйткені, халқымыз өз дәстүрін ұрпаққа үйретіп отыр.
Міне, 9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен батырларымызды еске аламыз. Ол үшін мектепте салатанатты жиын өткізіледі,сыныптарда тәрбие сағаттары өткізіледі. Бейбітшілік кездің өзінде ерлік жасау қаншалықты оңай болмаса,соғыс жағдайындағы ерліктің орны ерекше десе болады.Қар төсеніп,мұз жастанып, ұйқысыз түндерін өткізген, аштықты да,ауыртпалықты да көтерген ата-әжелерімізге тағзым ету-біздің міндетіміз. Қазақстандық Бауыржан Момышұлы,Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Мәліе Ғабдуллин сынды батырдарымызды мәңгі ұмытпақ емеспіз. Осы батырларымыздың арқасында бақытты балалық шақты бастан кншірудеміз. "Ерлікке тағзым-елдіктің белгісі" дегенді былай түсінемін.Неғұрлым Отан үшін еңбегімен де,ерлігімен де тер төккен азаматтарымызды құрметтесек, оларға ұқсап тәрбиеленсек, соғұрлым еліміздің іргесі мықты, адамдарының рухы биік болады.
Объяснение:
Абайдың өлеңдері туралы диалог құрастыру.
Аспандияр: Достым, Абай атамыздың қандай өлеңдерін білуші едің? Алдағы "Абай оқуларына" қандай өлең жаттасам екен деп шеше алмай отырмын?
Берікбол: Бірден есіме түсетін өлеңі "Ғылым таппай мақтанба". Мазмұны да өте жақсы. Қалай қарайсың?
Аспандияр: Ия, бұл өлең өзіме де ұнайды. Абай атамыздың бұл өлеңінде жастарға айтылған өсиеті де өте орынды әрі дұрыс деп ойлаймын. Бірақ сайысқа мектеп бағдарламасынан тыс шығарманы жатқа айтуым керек.
Берікбол: Онда табиғат лирикасына арналған "Қыс", "Күз", "Жазғытұры" деген өлеңдер де сай келмейді ғой... Ендеше қазір, тұра тұр. Ғаламтор беттерінен іздеп көрейік.
Аспандияр: Ия, мұның табылған ақыл екен. Көрсек, көрейік.
Берікбол: Міне, қара, Абай атамызға арналған біршама сайттар да бар екен. Бұл жерде Абай атамыздың өмірбаянымен қатар, шығармалары да баршылық. Мына өлеңі қалай, оқып көрші?
Аспандияр: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың...
Берікбол: Қалай, ұнады ма?
Аспандияр: Ия, өте жақсы екен. Осы өлеңді жатқа айтайын. Сенің көмегіңе көп рахмет, достым!
Берікбол: Оқасы жоқ! Саған сәттілік тілеймін!
Аспандияр: Рахмет!
ответ:Бір бала сабақты интернеттен алды,ал біреуі өз ойымен жазған еді,апай өз ойымен жазған оқушыға жағары баға қойды.
Объяснение:немношко смешно