ЖАЗЫЛЫМ 4-тапсырма. Суреттерге сәйкес сөйлемдерді ретімен жаз.
Шоқан орыс жазушысы
Ф. Достоевскиймен дос болған. Ол 1847-
1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыған. Ғалым «Жоңғария
очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнде-
ліктері» деген зерттеулер жазған. Шоқан Уәлиханов дарынды суретші бол-
ған. Шоқанды әжесі тәрбиелеген. Шоқан 1835 жылдың қараша айында
Құсмұрын бекетінде туған.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.