
Роботтар адам орнын алмастырады.
21 ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі десем, артық болмас. Бұлай айтуымның себебі, бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын технология әлемінде түрлі жаңалықтар ашып, тіпті адам өмірін жеңілдететін адамға ұқсас роботтарды ойлап табуда. Робот сөзіне анықтама берер болсақ, ол - адам тәрізді әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі кұрылғы.
Соңғы уақытта ойлап табылған роботтар адамдардың еңбегін жартылай немесе толықтай алмастыра алады, кейбіреулері ойын – сауық мақсатында қолданылады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босатты.
Техниканың дамуы бір орында тұрмайды. Қазіргі уақытта адам орнын толықтай алмастыра алатын, тіпті адамдармен толыққанды диалог жүргізіп, бала күтімінде де қолданылатын роботтар шығарылуда.
Робот - техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот - техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды. Бұл қазіргі уақыттың қажеттілігі мен тенденциясы деп айтсақ та болады.
Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.