М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
cisjxhskxhha
cisjxhskxhha
04.03.2023 17:21 •  Қазақ тiлi

[5] 1. «Күш-атасы Қажымұхан» Өз ойыңызды жазыңыз. 80-100сөз

👇
Ответ:
aliskylivar
aliskylivar
04.03.2023

Балуан Қажымұқанның бойындағы ерекше қасиеттер жөнінде не айтуға болар еді? – Қажымұқан атамызды тек қара күштің иесі деп тануға болмайды. Әлемдік күрес аренасында өнер көрсеткен кәсіпқой спортшы даңқына бөленумен қатар, домбыра шертіп, ән салып, ақын, сері атанған. Әңгіме арасында шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді қолданып сөйлеген. Қажымұқан атамыздың бойындағы ең тамаша қасиеттерінің бірі – қолының ашықтығы мен көпшілдігі. Ақсақал қарияларымыздың айтуы бойынша, көріпкелдік қасиетімен де ел-жұрттың ризашылығын алған. Бір сөзбен айтқанда, қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы азаматы болған. – Атаның жолын қуып жүрген ұрпақтары бар ма? – Қажымұқан атамыздың ұрпағының тамыры тереңге жайылған. Күш атасы Қажымұқанның қасиетін барлық ұрпақтарының бойынан кезіктіре алмайсың. Ізбасарларынан өнер жолында жүрген немересі Бақытжан Қажымұқанов – сазгер, әнші. Үлкен сахналардан көрініп, елге танылып жүрген азамат. Спорт саласында қызмет ететін немересі Шаттық Қажымұқанов – каратэден халықаралық спорт шебері. Шаттық Шымкент қаласында шәкірт тәрбиелеп, жастарды спортқа үйретіп, бапкер қызметін атқаруда. – Цирк алаңында көрсеткен трюктері жөнінде айтып өтсеңіз... – Қажымұқан атамыз заманындағы цирк өнерінің бірнеше түрін меңгерген. Халық алдында өнерлерін көрсеткенде бірінен-бірі озық сахналық көріністерді көрсеткен. Америка елінде орыс балуаны Иван Зайкин шаршап тұрса да «тірі көпір» трюгін көрсетуді талап етеді. Ақша үшін цирк қожалары не істемейді дейсіз? Орыс балуаны көпір жасап, үстінен адам толы үш жүк машинасын бірінің үстінен бірін өткізіп жатқанда қайтыс болады. Қайталанбас трюктердің бірі орыс балуаны жасаған «Тірі көпір» трюгін қайталаған – тек Қажымұқан. Осы трюкті қайтыс болған досы Иван Поддубныйдың құрметіне есімін атап тұрып орындайды. Қажымұқан атамыз үшін үстінен машина өткізу, тастарды көтеру үйреншікті іс болған. Германияның бір қаласында жарыс болып жатқан кезде Қажымұқан атамыз өзгелердің қолынан келмейтін ерекше цирк өнерін көрсетеді. Әріптестерімен ақылдаса отырып, шығыс үлгісіндегі киімді киіп, үлкен түйенің үстіне мініп, аренаға шығады. Аренаны бір айналғаннан кейін ортаға келіп тоқтап, түйеден түседі. Мінген түйесін желкесіне көтерген күйі сахнадан шығып кетеді. Осындай таңғаларлықтай өнерлері болған. Тағы бірде орыс балуанымен таласып қалғанда, «аттың тізгінін ұстау балуандыққа жатпайды, мен екі аттың жалынан ұстап, екеуін екі жаққа қаратып, құйрықтарымен тақастырып отырғыза аламын» деген екен. Осыған цирк төрешілері келіскен. Егер аттың құйрығы жұлынып кетсе, Қажымұқан атамыздың өзі жауапты болған. Өйткені аттың жалы өте қымбат тұрған. Қажымұқан атамыз жас шағында Петербор қаласында Иван Поддубныймен бірге оқып, күрес тәсілдерін үйренеді. Поддубный бір курс жоғары оқығандықтан демалыс күндеріне қарамай, досының қатарластарымен бірге бітіремін деп спорт залына келіп, гир тастарды көтеріп, тағы басқа жаттығулармен жаттығады. Петербор – мәдениеті өркендеген қала, демалыс күндері ешкім мектепке аяқ баспайды. Бір күні мектеп директоры Қажымұқан атамыздың үстінен: «Қап-қара қара темірдей болып, бүгін демалыс күні деп түсіндірсем де, сөзіме құлақ аспай, есіктің құлпын жұлып, мені көтеріп алып, спорт залының ішіндегі тастарды ары-бері домалатты. Тыйым салсам, дауыс көтереді. Ақырған дауысын естіген сайын жүрегім тас төбеме шықты.Тастарды көтеріп жүгіргенде көз ілестірмейді» деп арызданады. – Әжесі Айсараның басына орнатқан тасы туралы не білесіз? – 2003-2004 жылдары Астанадан ағайын туыстарымыз хабарласып, кө­не­нің көзіндей ақсақал аталарымыз келген. Қа­жымұқан атамыздың кесенесін, үйін көріп кетті. Сол кезде Қажымұқанның әжесінің зираты табылғанын, басына қойылған тасы Самар­қаннан әкелінгенін, Құран аяттарымен нақышталғанын айтқан. «Сәті түссе, келіп көріңдер» деп бізді шақырды. Бірақ барып көзбен көрген жоқпыз, естуіміз бар. – Өскелең ұрпақ Қажымұқан Мұңайт­пас­ұлын терең білуі үшін қандай іс-шаралар қолға алынуда? – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде Қажымұқан атындағы үлкен бас орталық көше, стадион мен мұражай бар. Сонымен қатар Шымкент қаласындағы стадионға да атамыздың есімі берілген. «Зерделі» ауылын Қажымұқанның жүз отыз жылдық мерейтойына орай «Қажымұқан» ауылы деп өзгертті. Іске асып жатқан шаралардан жыл сайын ауылымыздың дәстүріне айналған Қажымұқан атамыздың атында күрестен жарыс өтеді. Бұл салмақ дәрежесіндегі палуандар күресі түйе палуандар күресіне жалғасады. – Ал өзіңіз қандай бастамалар көтеріп жүрсіз? – Еліміздің көптеген спорт майталмандары Олимпиада жарыстарына аттанарда Қажымұқан атамыздың кесенесіне келіп, Құран бағыштап, рухани күш алып, жеңіспен оралсақ деп тілек тілейді. Ұрпағы ретінде Қажымұқанның Нұрлан есімді немересімен бірге атамызға қор ашуды жоспарлаудамыз. Кесенесінің қабырғалары қисайып ескірген, заман талабына сәйкес келмейді. Дүниежүзінің бас балуаны бол­ғандықтан, аты затына сай жаңа кесене тұрғызсақ деген де ойымыз бар.

4,7(83 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
GuldanaManarbek
GuldanaManarbek
04.03.2023

Саяхат және туризм.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол - ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте "Туризм" мамандығын меңгеріп, тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.

Объяснение:

4,6(30 оценок)
Ответ:
Перевод:Қазір қазіргі әлем өте тез дамып келеді, барлық куда-то асығады, сағат тұр, - деді, жұмыс істейді допоздна. Кейде уақытты спортпен айналысу емес болып қалады.Менің ойымша бұл спортпен әр адам үшін қажет. Уақыттың жетіспеуі – бұл барлық қорқыныш. Менің ойымша, онша қиын емес бөлу 10-15 минут істеу гимнастика, пробежаться өз иті таңертең парк бойынша, прокатиться велосипедпен немесе ролик.Денсаулығы – байлығы бар адам, және оны сақтау және нығайту. Менің ойымша, спортпен айналысу – бұл ең қол жетімді және жағымды тәсілдерін өз денсаулығы туралы қамқорлық. Мүлде міндетті емес сағат жүргізуге спортзалында және орындауға қиын жаттығулар. Жеткілікті таңертең гимнастика жасау, өткізбеуі тиіс дене шынықтыру сабақтары, оқу бітіргеннен кейін түрімен айналысуға спорт көңілінен шықты. Мен, мысалы, өте жақсы көремін, баскетбол ойнау, жүзумен айналысу, тіпті барамын секцияларына мен қатыстым жарысқа. Менің барлық достарым да, мен, спортпен айналысады. Біреу жүреді волейбол, біреу ойнайды менімен бірге баскетбол. Көптеген біздің сыныптың қыз балалары айналысады, би және гимнастика. Мен ешқашан түсіну емес, кім прогуливает дене шынықтыру сабақтары және бұл жерде ештеңе істеу. Меніңше, бұл ең маңызды сабақ, өйткені, онда біз демаламыз желтоқсандағы ақыл-ой, еңбек және заряжаемся жақсы көңіл-күй сыйлады.Спортшылар әрқашан кезкелген жан. Бірінші кезекте, әрине, олардың спорттағы жетістіктері. Бірақ жеңіске ұмтылу, салауатты өмір салтын насихаттау, өзін-өзі ұйымдастыру да лайық мадақтау. Біздің ел танымал спортшылары көптеген спорт түрлері – синхронды жүзу, сырықпен секіру, теннис және т. б. Біз осы кісілерден үлгі алу керек, өйткені спортшылар дәл біледі, мүмкін спортивным и здоровым – бұл сәнді!
4,4(35 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ