М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lefuxetube
lefuxetube
04.06.2020 23:38 •  Қазақ тiлi

Оқылым Екі күн бойы Астана қызу жыр додасын тамашалады. Бір-бірінен кем түспейтін 20
ақын аламанға түсті.
Қазылар алқасын Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет
басқарды. Құрамында белгілі ақын Жүрсін Ерман, Моңғолиядан келген зерттеуші ғалым
Шынай Рахметұлы, Түркиядан келген ғалым Әбдуақап Қара, Халық ақыны Әсия Беркенова,
Еуразия университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, белгілі публицист, «Айқын»
газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп бар. Қазылар алқасының шешімімен, 20 ақынның
ішінен оза шапқандар жүлделі орындарға ие болды. Үш бірдей ақын үшінші орын: Айбек
Қалиев, Мақсат Ақанов, Серік Қойшығұловқа бұйырса, екінші орын Мейірбек Сұлтанхан
мен Рүстем Қайыртайұлына берілді. Финалда бір-бірінен кем түспеген екі ақын: Мұхтар
Ниязов пен Ринат Заитов та бас жүлдені қанжығасына байлады. Жүлде қоры да қомақты:
ынталандыру сыйлығын алған ақындар 500 мыңнан жүлдеге ие болды. Көпшілік те дән риза,
жүлде алған ақындар да риза.
«Айтыс – халықтың рухын көтеретін өнер» екенін үнемі айтып жүреміз. Бірақ соңғы
кездері айтыскерлер де «қуланып» алды. Үнемі айтыстарда қайталанып келе жатқан «бір
тіркестер» бар. Оны ақынның өзі де біледі, көрерменнің өзі де сезеді. Бұл – бір. Екіншіден,
ақпаратты толық зерттемейді. Әлеуметтік желіде «хит» болған тақырыпқа әуес. Трендтегі
дүниені қозғасақ, көп «ұпай» жинаймыз деп ойлайды. Үшіншіден, көрерменге не ұнайтынын
білетін кей «актер» ақындар бар. Әлеуметтің әлсіз тұсын тиімді меңгерген. Сол арқылы өзіне
«бедел» жинайды. Ақынның бұл «ойыны» өзіне ұтыс әкелгенімен, абырой әпермейтінін
ескерсе дейміз.
1. Мәтіннің жанрын көрсетіңіз.
а) мақала
b) пікір
(c) әңгіме
d) эссе
[1]
1
2. Мәтін қандай стильде жазылған?
а) Көркем әдеби стильде
b) Ғылыми-публицистикалық
c) Күнделікті ауызекі
Публицистикалық
[1]​

👇
Ответ:
AlinaTishka
AlinaTishka
04.06.2020

1)мақала

2)Ғылыми-публицистикалық

4,7(67 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
alla073
alla073
04.06.2020

«Алтын сақа» - бұл мұражай-қорықтың  Балалар көркем-ойын кешенінде ұйымдастырған экспозициясы. Экспозицияда бала қиялының әлемі, әртүрлі елдер мен халықтардың ертегілерінен бізге жеткен кейіпкерлердің әлемі назарға ұсынылған. Экспозиция қаланың жасөспірім көрермендеріне, сондай-ақ ересек тұрғындары мен қонақтарына авторлық қуыршақтар мен ойыншықтардың ерекше және әртүрлі әлемін қызықтауға, өнердің осы түрінің адамға беретін өзіндік бір ғажайып та жағымды әсерін сезінуге мүмкіндік береді.

Экспозицияда қуыршақтар – аңыздар мен ертегілердің кейіпкерлері, түрлі ертегілік жанрлардың: жануарлар туралы ертегілердің, тұрмыстық, сиқырлық, сатиралық ертегілердің қаһармандары назарға ұсынылған.Алтын сақаның бас қаһарманы, идеялық нысанасы - халықтың арман-мұраты. Мұнда да халықтың аңсары ертегінің басты арқауы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша бала, жалғыз бала және басқа әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара өкілі. Бұлардың бәрі - халық арманынан әр кезде туған идеал кейіпкерлер. «Алтын сақадағы» бала сондай кейіпкер. Онда классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Бала жұртта қалып қойған алтын сақасын алып келуге барып, жалмауыз кемпірге кез болған бала кемпірдің алдағанына сенбей, сақасын ат үстінен іліп алып, қаша жөнеледі. Мыстан кемпір тұра қуады. Осымен оқиға шиеленісе түседі. Бұл ертегіде де сайыста кейіпкер өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі - батырлықтан гөрі қиял-ғажайып ертегінің заңдылықтарына жақындау.

Қазақ балалар ертегілерінің басты ерекшелігі есте жоқ ерте заманда туып, ежелгі дәуір құбылыстарын сақтап келсе де, олардың бәрі біріншіден, халқымыздың тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Әрине, өмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық тұрғыда бейнелейді. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер, әдет-ғұрып бәрі де халықтың эстетикалық рухына сай түзіледі. Екіншіден, ертегілердің бәрі дерлік бас кейіпкерлерін қиын да күрделі, азапты да аянышты кешулерге сала отырып, балаларды ерлікке, отансүйгіштікке баулиды. Мәселен, «Алтын сақада» сол сақасын алуға барған баланың ерлігінің арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады.

4,8(72 оценок)
Ответ:
smichuksvitlana
smichuksvitlana
04.06.2020

диалог "Біз отбасында Наурызды қалай қарсы аламыз?"

- Сәлеметсіз бе, Алма!

- Қайырлы күн, Перизат! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!

- Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

- Айтқаныңыз келсін! Бүгін не істейсіздер?

- Отбасымызбен алаңға шығып, мерекелік іс шараны көреміз. Балалар алтыбақан тебеді. Киіз үйлерге кіріп, наурыз көже, шелпек пен бауырсақтан татып көреміз. Өздеріңіз ше?

- Біз бүгін үйде наурыз көже дайындаймыз. Кешкісін біздің үйге соғыңыздар, дастарқан жайып, мерекені бірге тойлайық?

- Көп рахмет. Әрине, келеміз.

4,8(50 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ