OnlineMektep - BilimL... ТАПСЫРМАНЫН МӘТІНІ
Сызықшаның қойылу себептерін тап
Сәйкестендіру саны: 4
Бастауыш есім сөзі
болып, баяндауыш
тұйық етістік болса,
бастауыштан кейін
сызықша қойылады.
Біздің алдымыздағы
ең жауапты міндет –
Қысқы сессияны
ойдағыдай әзірлікпен
қарсы алу.
Бастауыш та,
баяндауыш та атау
тұлғадағы сан есім
болса, бастауыштан
кейін сызықша
қойылады.
Бес жердегі бес —
жиырма бес,
Бастауышы тұйық
етістік болып,
баяндауышы зат
есімдерден болғанда,
бастауыштан кейін
Сызықша қойылады.
Егістік жерге қар
тоқтату - мол өнім
алудың басты
шарттарының бірі.
Бастауыш сілтеу
есімдігінен я жіктеу.
есімдігінің ІІІ
жағынан болып,
өзінен кейінгі сөздің
анықтауышына
ұқсап, шатасып
кететін жағдайда,
баяндауышы қай сөз
табынан жасалса да,
бастауыштан кейін
сызықша қойылады.
Қазір бұл – Египеттің
ең басты
кітапханасы әрі
мәдени орталығы
ретінде танымал.
Менің хоббиім - спортпен шұғылдану.
Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.
Менің сүйікті хоббиім - спортпен шұғылдану, атап айтқанда, волейбол. Арнайы спорт мектебінде жаттығып жүргеніме екі жылдан асты. Жаттығу күндерін асыға күтіп, бар күш - жігерімді жұмсап айналысамын. Болашақ өмірімді де спортпен байланыстырамын. Жаттықтырушыларымның арқасында бірнеше спорт сайыстарының жеңімпазы, жүлдегері атанып жүрмін.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Өз басым спорт үйірмесіне күнде бармасам, күнделікті таңертең жаттығу жасаймын. Таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Қай спорт түрі болмасын үлкен табандылық пен төзімділікті талап етеді. Жеңіс оңай келмейтінін есте сақтауымыз керек. Тек қажырлы еңбек пен алға қойған мақсатқа ұмтылу арқылы биік белестерден көрініп, еңбегіміздің жемісін бағалай аламыз.