Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Міндеті: - Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
- Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
- Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
- Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, табиғат көріністері, сазды сурет, гүлдер, шарлар.
Барысы:
Қазақстан Республикасының Гимні айтылады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар №16 орта мектеп оқушылары дайындаған «Қазақстан – туған өлкем, табиғатың қандай көркем!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары сендерге
өсиет болып қалады. Ал сол болашақ иегерлері, сендер қандай болуларың керек?
Бүгінгі тәрбие сағатындағы мақсатымыз:
табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру.
Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.
Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.
Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.
Мысалы:
кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)
үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)
өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)
газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)
географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)
қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)
тағы басқа жалқы атаулар жатады.