М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
galaninartem201
galaninartem201
19.04.2021 01:02 •  Қазақ тiлi

қақтығыстарды реттеудің әдістері Тар мағынада « Қақтығыстарды реттеу » термині қақтығыстарды басқару тәсілінің бірі деп қарастырылады . Оның қолданылуы қақтығыстардың жойылуын немесе аяқталуын білдірмейді , тек екі қарама - қарсы жақтың бір - біріне деген өшпенділіктерін шектей тұру , шығынға әкелмеуді білдіреді . Негізгі мағынасы қақтығыстарды алып тастау емес , оны нәтижелі қылу . Келіссөздер – тек қана қақтығыстың аяқталып , оның реттелуінен , шешілуі ғана емес , сондай - ақ қақтығыста қатысу әдісі , оның дамуының бір формасы болып табылады . Келіссөздер процесінің өзі оған дайындық , бұл процесс кезінде екі жақты татуластыру үшін қақтығыстың дамыған кезеңінде қолданылып , қатысушылардың өз көзқарастары мен құндылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Келіссөздер – бұл біріншіден , ортақ көзқарастарды көздеген шаралардың бірі . Келіссөздер кезінде көрінетін бәсекелестікте , бір жақ екінші жаққа өзінің көзқарастарын жүзеге асыратындай іс - қимыл кезінде сыйақы алуға мүмкіндік береді .Келіссөздер - бұл екі жақтың да көзқарастары мен мүдделері көзделген картаға қойылған стратегия . Әрине екі жақ бірден келісімге келе қоймайды . Келіссөздер кезіндегі күштердің арақатынасына сай олардың мазмұны мен көзқарастары , келіссөз жүргізушілердің жеке стилі мен келіссөзер формасы , фазалары , келіссөз жүргізу тәсілі әртүрлі болып ауыса береді . Келіссөздерде , әрине , қақтығыстарға қатысушылар күші мен олардың бір бірімен күреске дайындығының арасындағы арақатынас маңызды болып табылады . Келіссөздерді қақтығысқа қатысып отырған бөлек мемлекеттер , халықаралық ұйымдар , жеке азаматтар , делдалдар мен қызығушы топтар жүргізе алады , бірақ тәжірибе көрсеткендей , біліктілігі бар , осы салада сәтті келіссөздер жүргізіп танылған , арнайы дайындықтан өткен адамдар ғана келіссөздің сәтті өтуіне себепші болады . Оның классикалық мысалы келіссөз жүргізуші – басқалармен диалог жүргізуде өз елінің көзқарасын білдіретін дипломат - елші болып табылады . Б.И. Нұрбосынов , Р.Ғ. Ережепова​


қақтығыстарды реттеудің әдістері Тар мағынада « Қақтығыстарды реттеу » термині қақтығыстарды басқару

👇
Ответ:
Bihan231
Bihan231
19.04.2021

есть ответ?

4,8(15 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Лена2222
Лена2222
19.04.2021

Ғаламтор туралы диалог құрастыру.

Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?

Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.

Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.

4,5(64 оценок)
Ответ:
Morenova123456
Morenova123456
19.04.2021
Әп адам салауатты өмір салтын устануы керек,дұрыс тамақтанып жаман әдеттерді тастауы тиіс.Дұрыс тамақтануға: фастфуд,тәттілер,майлы тағам жатпайды.Дұрыс тамақтану дегеніміз-біріншіден сүтті тағамдарды пайдалану,ет,көже,ботқа және де жемістер мен көкөністер.Дүниеде миллионнан астам жемістер мен көкөністердің түрі бар.Бүлдірген суық тигенде көмектеседі.Ал алма қанды тазартады.Әр жемісте денсаулыққа қажетті дәрумендер бар.Дегенмен бұл фаст фуд,тәтті тағамдарды жемеу керек дегенді білдірмейді.Барлығы өлшермен болуы тиіс.Денсаулықты сақтаңдар!
4,4(16 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ