2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз./ Найти синонимы, антонимы из текста к данным словам.
Жалған (антоним) -
Зор (синоним) -
4.Мәтіндегі ақпараттардың ретін көрсетіңіз. /Укажи порядок информации в тексте.
Мәтіндегі ақпарат
Реті
Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.
Дені саудың – жаны сау
Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ.
0,
5.Сұраққа толық жауап беріңіз. / Дайте полный ответ на данный вопрос.
Денін сау, ұзақ өмір сүргін келсе не істер едіңіз?
0,
Жазылым/ Письмо
Берілген тапсырмалардың біруін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Орфографиялық нормаларға сай жазып,қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз./ Напишите эссе на одну из тем.
1.Абайды оқы, таңырқа!
Сіздер сабақта Абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Абайдың өмірбаянын жазуды тапсырды. Өмірбаян стилін сақтап жазыңыз.
2. Қазақ қолөнері. Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған.Қолөнер бұйымдарына не жатады? Қандай түрлерін білесін? Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне сай етіп эссе құраңыз.
Спортпен айналысамын.
Жаңа жыл басталысымен мен өз - өзіме «дәл бүгіннен бастап спортпен шұғылданамын» деп уәде бердім. Себебі, «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, спортпен шұғылдануды ертеңге қалдыруға болмайды. Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Мәнерлеп сырғанау адам бойында кербездік пен сұлулықты дамытып, адамды шыңдай түседі. Бірақ өте әдемі спорт түрі болғанымен қиындығы да қатар жүреді. Мысалға, айтатын болсақ, бұл спорт түрінде ауыр жарақаттар жиі кездеседі, екіншіден, жаттығу жұмыстары күнделікті бірнеше сағаттан болып отырады, көп қаражат пен уақытты талап етеді. Дегенмен, осы қиыншылықтардың бәрінен бас тартпай, осыншама әсем спорт түрімен айналысатын спортшылардың алдында бас игім келеді.
Мен болашақта үлкен спортшы болмасам да, бұл спорт түрімен өзім үшін айналысамын, сонымен қатар осы спорт түрінен өткізілетін барлық жарыстарды үзбей көріп отырамын.