М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vlad20077
vlad20077
08.10.2022 06:17 •  Қазақ тiлi

Напишите сочинение на тему" Қыран қазақ- зоркий казах".

👇
Открыть все ответы
Ответ:
smirnovakrestin
smirnovakrestin
08.10.2022

Ғаламдық мəдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақылпарасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мəдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады. Иə, алғашқы бұйрығы ا ﻗ ﺮْ أَ ْ «Оқы!»[139] деп келген Ислам діні оқуға қатты көңіл бөледі. «Құранда оқы деген мағынаны білдіретін «қирағат» сөзінен тарайтын 87, жазу мағынасына келетін үш бөлек сөзден тарайтын 336, ғылым деген мəндегі жəне сол мəннен тарайтын 780 cөздің кездесуі бізге ой салуы тиіс»[140]. Бұл Жаратушы иеміздің мұсылмандарды оқуға көңіл бөлуге шақыратындығын ұқтыруда. Бұған қоса, қалам мен сиясауытты (нун) жеке-дара атап серт беруі де осы мағынаны үстемелейді. «Екі күні бірдей өткен адам зиянда» деп, күн сайын білімге білім жамап отырудың қажеттігін ескерткен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің де (с.а.с.) оқуға, ілім үйренуге шақыратын хадистері көп. «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйретуі»[141], «Көк пен жердің арасындағылар, илеуіндегі құмырсқа, теңіздердегі балықтарға дейін (бүкіл тіршілік иелері) ілім үйренушіге игі дұға тілейді»[142], «Аллаһ ілім арқылы бірқатар ұлттардың абыройын биіктеді, жақсылықта басқаларға жолбасшы етеді, ел солардың ізіне еретін болатын»[143] деген хадистерін осылардың қатарында атап өтуге болады. Х – XII ғасырларда Ислам əлемінде ғылым-білімнің шарықтап дамуымен кітап шығару ісі өркендеп, кітапханалар саны көбейді. əл-Мəмун дəуірінде (786-833) Бағдатта «Бəйтүл-хикма» (Даналық үйі) атты алғашқы кітапхана əрі обсерваториялар салына бастады[144]. Бір Бағдат қаласының өзінде 36 кітапхана жұмыс істеген деген деректер кездеседі[145]. Ең соңғы кітапхана он мың том кітабы бар уəзір Ибнул-Алқамаға тəн болған. Бірақ бұл кітапхана да 1258 жылғы монғол-татар шапқыншылығы кезінде қиратылып, Отырар кітапханасының кебін киген[146]. Харұн Рашид дəуірінде араб тарихшысы Омар Уақидидің (736-811) жеке басында жүз жиырма түйеге жүк боларлық кітабы болған[147]. Көне мəліметтерде Александрия кітапханасында 900 000 (тоғыз жүз мың) том қолжазба сақталғандығы айтылады[148]. Иранда да халыққа арналған жалпы жəне жеке кітапханалар көп болған. Ең жақсы кітапханалары Шираз бен Мəру қалаларында еді[149]. Бұл ғасырларда жинақ шығару, кітапхана əдістемесі тұрғысынан Ислам əлемі Еуропа кітапхана жүйесінен үш-төрт ғасыр озып кеткен. Орта дəуір Еуропасы бұл кезде кітаптарды сөрелерге шынжырлармен байлап тізіп қоятындай əлі дамымаған еді. Оқырманға кітап осы шынжырымен бірге берілген. Тіпті ашық темір торға салып қойып, сыртынан парақтатып оқытқан кездері де кездескен[150]. Бұл кезде мұсылмандардың мəдениет ошағы болған Андалусияда əл-Хакам атты халифаның кітапханасында 600 000 (алты жүз мың) кітап болса, ал одан төрт ғасыр кейінгі Еуропаның өзінде «Білімпаз Чарлз» деп аталған Франция королі V Чарлздың кітапханасы небəрі 900-ақ (тоғыз жүз) еңбектен аспаған[151]. Кітапқұмарлық тұрғысынан үш-төрт мұсылман ғалымның өмірін мысал ете кеткен де орынды. Айталық, 63 жасында қайтыс болған əйгілі мұсылман ғалымы Фахраддин ар-Рази артына ғылыми маңызы зор екі жүз еңбек қалдырған. Жазған кітаптарын қаттап тізгенде, кісі бойынан асатын деседі. Тəпір саласында жазған еңбегінің өзі он екі мың бетті құраған

4,4(32 оценок)
Ответ:
Russiansss
Russiansss
08.10.2022
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен.
4,4(19 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ