ответ:Арқан тарту — қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасынан арқан өтетіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп, аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, әлгі арқанды өткізеді. Содан кейін тақтайіпанын, екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, таяқшаларды аққалаға екі-үш қарыстай таңап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар аққалаға тірелгенде кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бәрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды. Ойын қайта басталады. Ойын ойынға қатынасушылардың күш-қуатын дамытуға, таза ауада дем алып, еңбектенуге үйретеді
Объяснение:бірақ сіздер өзінізге ұнаған ойынды таңдай аласыз
Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын. Н.Ә. Назарбаев, Елбасы- тәуелсіздік, еркіндік, теңдік, бостандық. Бұл сөздер біз үшін жай ғана сөздер емес, әр қазақтың жүрегінде ерекше орын алатын, талай тарихымызды еске түсіретін, қаншама ғасырлар, жылдар бойғы қазақтың аңсаған, армандаған сөздері еді. Міне, қазір біз ол сөздерді еш қымсынбай айтатын дәрежеге жеттік. «Тәуелсіздік» деген құлаққа жағымды ұғымды естігенде, жүрегіңе бір мұңды оқиғалар мен қазақтай ұлы халықтың аянышты тағдыры, ұлы батырлары мен ер жүрек ұлдары, ардагерлер, қиыншылықты көп көрген дана қарттары еріксіз еске түседі. Ол кездерде балалардың балалық шақтары біз сияқты сыңғырлаған алаңсыз тәтті күлкімен емес, ата – анасынан айырылып зарлап жылаған бала үндерімен, балалардың далада асыр салып ойнауымен емес,қай жақтан жау келер екен деп жалтақтаумен өткен еді. Қазақ халқы талай қиыншылықтар мен қан майдандарды басынан өткеріп, талай рет тұтастай қырылып кете жаздаған еді.Дегенмен Халықтың тәуелсіздікке деген құштарлығы олардың кері шегінуіне жол бермеді. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз еліміздің тұғырлы биіктерін енді біз бағындыратын боламыз. Қастерлі Тәуелсіздігіміздің қадірін білейік!
Мен өз еліммен мақтан етемін!