М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sakinaxalilova2
sakinaxalilova2
13.01.2020 23:39 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып көрсетіңіз.
[10]
А мәтіні
Жетіқарақшы.
Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы . Жетіқарақшы Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) тәулігіне бір рет айналып өтеді. Оның іңірдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп отырады. Мал шаруашылығымен шұғылданған ата-бабаларымыз Жетіқарақшының қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде пайдалаған.
«Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді.

Ә мәтіні
Саяхат бізге не үйретеді?
1. Саяхаттаудың ең қиын кезеңі – үйден шығу. Шынымен де, үйде отырғаныңызда түзде өміріңізге қауіп келтіретін түрлі жағдайлар күтіп тұрғандай сезінуіңіз мүмкін. Қайда тамақтанып, қайда ұйықтайтыныңызды білмей дал боласыз. Сізді тіл білмеу немесе қаржылық жағдай тоқтатуы да ғажап емес.
2. Адамдар әрқашан да жылы шырайлы келеді Дамыған мемлекеттерге саяхаттайтын болсаңыз ондағы адамдар сізге барынша құрметпен қарайтынына таңғалмаңыз. Тек кейбір елдердің мәдениеті төмендеу аймақтарында ғана қауіп төнуі мүмкін. Бірақ қай елді алсаңыз да, ондағы адамдар өзге елден келген саяхаттаушыларға аса зор құрметпен қарайды, әрқашан көмек беруге дайын тұрады. Олар сізге жол көрсетеді, құдайы қонақ етеді, өз елінің ең жақсы деген жерлерімен таныстырады, сіздің саяхатыңызға қызығып, емен-жарқын әңгіме-дүкен құруға дайын болады.
3. Саяхат сіз ойлағандай қауіпті емес. Өзге елдің, қаланың адамдары да өзіңіздің туып өскен жеріңіздің адамдары іспеттес, сондықтан да сіздің Отаныңыздағы жақсылық пен жамандық атаулары сапарлап барған жеріңізде де бар екенін ұмытпаңыз. Тіпті кейбір елдерде қылмыс саны бойынша адам шошытарлық статистика болуы мүмкін. Бірақ мұның барлығы да біржақты пікірден жиналған ақпарат. Сондықтан да қайбір ел туралы, ондағы адамдар туралы жаман ойлауға кеңес бермейміз. Тіпті кейбір ақпараттар қаңқу сөзден құрылған болуы да мүмкін. Сондықтан саяхаттау кезіндегі түрлі қауіп-қатерлер мөлшері сіздің Отаныңыздағы жағдайлармен бірдей, немесе тіпті аз болуы ықтимал.
А мәтіні: ?
Ә мәтіні: ?
Қысқаша мазмұны: ?
Нақты ақпараттар: ?

Жазылым.
Сіз шетелде ұзақ мерзімді саяхатта жүрсіз. Досыңызға саяхатыңыздың қызықтарымен бөлісе отырып, хат жазыңыз. Хаттың жанрлық, құрылымдық, ресімделуіндегі ерекшеліктерді ескеріңіз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
BeautifulGirl001
BeautifulGirl001
13.01.2020
Жаңа жыл-ғажайып мереке! Сен қаражат болу және сыйлықтар аласың. бүкіл отбасы үшін жиналады бір үлкен үстел және барлығына жақсы көңіл-күй.  Бұл менің деді, үлкен отбасы. Олар мама, папа, атасы, әжесі, әпкесі немесе ағасы), менің достарым және өзім. Бізде үлкен әдемі шырша. Оған біз әкелдік сыйлықтар атаулары үшін запуться. Шамамен он кештер біз ашты сыйлықтар! Маған ата-анам сыйлады, новенький фотоаппарат! Мен де ұзақ уақыт бойы ол туралы армандаған! Менің достарым маған тапсырылды үстел және компьютерлік ойындар. Кейін біз алға аяқ басып, далаға іске отшашу, бірақ ата-анам рұқсат етпеді. Мен тек жарымында бенгал оттары. басқа орындардан көрінгені салют әр түрлі түрлерімен. Онда, және мишки, жүрек, және шырша.  Бұл жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алды ғой: "алсаң Жаңа жыл және индия!" Жаңа жылыңызбен! 
4,7(14 оценок)
Ответ:
gg322
gg322
13.01.2020

Ел тәуелсіздігіне біз қандай үлес қосамыз?

«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.  

Сондықтан тәуелсіздікке біз қандай үлес қоса аламыз? деген сұраққа тәуелсіздікті мықты етіп сақтау деп жауап беруші едім. Ата - анамыздың бізге артқан үкілі үмітін ақтап, жақсы білім алып, болашақта еліміз мақтан тұтатын азамат болып қалыптасу да тәуелсіздікті мықты ұстап қалудың бір құрамдас бөлігі деп білемін. Сондықтан бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік!  Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!

4,7(1 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ