М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
saskii
saskii
08.01.2021 11:12 •  Қазақ тiлi

Написать письмо о нашем городе Алматы нужно 70-80 слов на казахском​


Написать письмо о нашем городе Алматы нужно 70-80 слов на казахском​

👇
Ответ:
nissanbaev25
nissanbaev25
08.01.2021

Алматы-әсем қалалардың бірі. Алматы қызыққа толы қала. Бұл қала қыс мезгілінде көркейе түседі. Өйткені қыста мұнда улкен мұз айдыны ашылады. Адамдар оған бос уақытында отбасымен коньки тебуге барады. Алматы өзінің биік тауларымен танылған. Және өзінің алмаларымен. Алматы қаласына келушілер көп. Олар ең алдымен тауға шығады және достарымен суретке түседі. Көктем мезгілінде барлығы еріп бастағанда таудан тап-таза мөлдір су ағады. Ол таза болғандыктан оны бір рет болсын ішіп көру қажет. Ал жаз мезгілінде біз Алматының апорт деген алмаларын сатып аламыз. Міне Алматының көркемділігі.

Объяснение:

4,5(38 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
elisavetafolst
elisavetafolst
08.01.2021

«Абайды оқыған соң»

Абай Құнанбайұлының бірқатар өлеңдері мен шығармаларымен таныспыз. Өлеңдерінің өздері мағынаға толы. Қара сөздерінен өмірдегі мысалдар, ащы шындық және мағыналы сөздерді кездестіре аламыз.Абай атамыздың қара сөздерін оқыған әрбір адам белгілі бір қорытындыға келіп, өз өміріндегі жіберіп жүрген қателіктерді түзей алады. Абай Құнанбайұлы өз шығармаларында адамға жақсы қасиеттерді көрсете отырып, адам бойындағы жаман қылықтармен мен әдеттерден арылуға кеңес берген. Адамға тура жол сілтеген. Адамның бойындағы ең ізгі, әрі жақсы қасиеттері ретінде :ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақылды көрсетті.Хәкім Абайдың үшінші сөзінде :әрбір қайратсыз-қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ – ақылсыз надан, әрбір ақылсыз-арсыз деген еді. Ар-ұждан кетірген соң, адам имандылықтан тая бастайды. Абай адамдарды имандылыққа шақырады. Жүрегінде сәл болса да иманы бар адам, буыны босамаған адам деп түсіну қажет. Сонымен қатар адам мінезі, оның өмірінің босқа өту, өтпеуі жайлы да айта кету керек. Қара сөздерді оқи келе, түсінетініміз адам өмірін жақсы өткізе білу қажет,босқа сауық-сайранның не керегі бар? Тән құмарынан жан құмары үшін өмір сүр. Хәкім Абайдың тән құмары деп тұрғаны өмірінде тек ішсем, десем, ұйықтасам деп өмір сүретін адам. Олардың бойында қуат болмайды, іші бос. Отыз жетінші қара сөзінде келтіргендей «адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім «дегені, адамды жақсы жаққа өзгерту, оны түзей білу деп түсіну қажет. Әр пенденің өз мінезі бар. Адамды жақсы жаққа бұру мен ғылым білімге шақыру, бос сауық-сайраннан бас тартуға үндеу болған. Абай Құнанбайұлы адам болмысын, оның әрекеттерін ашық түрде сынға алып, бағытты өте дұрыс бағдарда анықтап берді.Хәкім Абай а ң бәрі-дос деген сөзін алға тарта кету қажет. Адам философиясы Абайдың еңбектерінде нақтылы түрде шындыққа негізделе отырып жазылған. Әсіресе Хәкім Абайдың қара сөздері бұл эссені жазуда көп септігін тигізді.

4,4(91 оценок)
Ответ:
рвовттатс
рвовттатс
08.01.2021

А өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.

Объяснение:(90 слов)

4,8(6 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ