Объяснение:
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.
Тұранның шексіз-шетсіз шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері:
Тасыса, шөлді басқан селі қандай!
Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,
Жаралып таудан аққан салқын жастан.
Шөлдер бар, жел де жүрмес,сап-сары құм,
Моладай ешбір үн жоқ мәңгі тып-тын.
Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,
Сар құмда салар ойнақ пері мен жын.
Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,
Шалқыған егі-шетсіз Теңіз,Арал.
Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
Бауырында дүние көрген түрік көкжал.
Ертеде Оқыс, Яқсарт —Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейітін.
Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың
Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай
Мұнайлы ел - Құдайлы ел". Қара алтынның айналасын төңіректеген аузын айға білеген алпауыт елдер арасындағы дау-дамайға қарап, ел аузындағы осы бір әзіл аралас сөздің астарында әлдебір шындық бар-ау дейсің. Болмағанда ше?..
Қара алтын біз ойлағаннан да құдіретті. Өйткені, ол киген киіміміз, ішкен тамағымыз, жүрген жолымыз, оқыған кітабымыз.
Үңгірден алынған мұнай сол қалпында еш жерде қолданылмайды деуге болады. Оны алдымен тазартып, өңдейді. Өнімді бірнеше бөліктерге айырып алады.
Мұнайдан жанар жағармай (авиациялық және автокөліктік), сұйытылған газ, реактивті отын (реактивное топливо), мазут, солярка, керосин алынады. Бұлардың бәрі кең қолданыстағы өнімдер болып табылады. Ал мазуттан кейін парафин, битум, сұйық отындар айырылады. Битумды минералды қоспалармен араластырып, асфальтобетон алады, асфальт жолдар дәл осы асфальтобетоннан төселеді. Котеленге арналған сұйық өнім жылу жүйесінде қолданылады. Мұнайдан гидравликалық май, вазелин т.б. алынады. Сондай-ақ, мұнайдан кремдер мен түрлі мазьдардың негізі жасалады. Мұнайдан алынатын гудроннан құрылыс материалдары істеледі. Мұнайдың қо синтетикалық резіңкелер, каучук, синтетикалық маталар мен пластмасс, кір жуу ұнтақтары, бояу, сыр, косметика құралдары, тыңайтқыш, маргарин май, типографиялық бояулар, автокөлік шиналары сияқты күнделікті тұрмысқа аса қажет өнімдер жасалады.
Объяснение: