М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
123478101934
123478101934
11.06.2022 15:11 •  Қазақ тiлi

Жазылым. Берілген суретті пайдалана отырып, эссе жазыңыз (120-150 сөз) ​


Жазылым. Берілген суретті пайдалана отырып, эссе жазыңыз (120-150 сөз) ​

👇
Ответ:
Рад1111111
Рад1111111
11.06.2022

ТАЛҒАТ АМАНГЕЛДІҰЛЫ, 1951 жылғы 7 қаңтарда Қазақ КСР (Қазақстан Республикасы) Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы кентінде дүниеге келген.

1974 жылы «Авиация радиожабдығын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша Лениншіл комсомол атындағы Рига Қызыл Ту азаматтық авиация инженерлерінің институтын аяқтады.

1984 жылы Алматы ӘАФЖЕҚ аэроклубындағы оқуын аяқтады. Ең жоғарғы пилотаж (ұшақ спорты) бойынша КСРО спорт шебері болған бірінші қазақ.

1986 жылы азаматтық авиациясының 30-ы оқу-жаттығу жасағында даярлығын аяқтады және КСРО Азаматтық авиация министрлігі Жоғары біліктілік комиссиясының шешімімен азаматтық авиация ұшқышы куәлігін алды.

1989 жылы Ульянов ЭӨК мүше елдердің азаматтық авиациясы ұшу, диспетчерлік және инженерлік-техникалық құрамын даярлау орталығында (ұшқыш мамандығы бойынша) оқуын аяқтады.

1993 жылы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшу училищесін аяқтады, ұшқыш-инженер дипломын алды.

1974 жылғы 1 сәуір мен 1990 жылғы мамыр аралығында азаматтық авиацияда инженерлік, ұшу және командалық лауазымдарда болды.

1990 жылғы 11 мамыр аралығында КСРО Мемлекеттік ведомствоаралық комиссия (МВАК) шешімімен КСРО Азаматтық авиация министрлігінен жалпы ғарыштық даярлау курсы бойынша ғарышкерлерді даярлау орталығына (ҒДО) оқуға ұсынылды.

1990 жылғы қазан – 1991 жылғы мамыр аралығында ҒДО-да жалпы ғарыштық дайындық.

1991 жылғы 6 наурыз КСРО қорғаныс министрінің бұйрығымен міндетті әскери қызметке шақырылды және ҒДО ғарышкерлер жасағының (Гагарин ғарышкерлер жасағы) 4-тобына зерттеуші-ғарышкерлерге кандидат болып алынды.

1991 жылғы 20 мамыр – 10 шілде аралығында қазақстандық бағдарламасы бойынша қосарлаушы экипаждың зерттеуші ғарышкері ретінде «Мир» орбиталық кешеніне бару экспедициясымен ұшуға даярлықтан өтті.

АСТАНА. Қазанның 2-сі. Бүгін - тұңғыш ғарышкер-қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан тарихи күні.

1991 жылғы қазанның 2-сінде жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 59 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан құрамында ресейлік Александр Волков, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров пен австриялық ғарышкер Франц Фибек бар Союз ТМ-13 ғарыш кемесімен кеңес-австрия экипажы ұшып шықты. Қазақстан мен Австрия арасында ғарышқа жол салған бұл тарихи бастаманы Қазақ КСР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрия Республикасының канцлері Франц Враницкий бақылады.

Тоқтар Әубәкіров - Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының соңғы (72-ші) ғарышкері.

Қазірде осы адамдар Қазақстанның ең беделді азаматшаларның/азаматтарының бірі

4,8(55 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
1246881
1246881
11.06.2022
Жеті,үш және жиырма бір. Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз. 
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну). 
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық. 
4,5(70 оценок)
Ответ:
Lunadiana
Lunadiana
11.06.2022

Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі кай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстык жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі кұбылыс. Оның айтылуындай етіп ешбір графика дэл бере алмайды. Сондықтан айту мен жазу арасында алшактыктар туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің зерттеулерінің нэтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, одан эрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс жазылуын камтамасыз ететін емле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондьщтан да әлемдегі бірнеше ғасырлық тарихы бар жазу жүйелерінің ең жётілген түрінің өзіне де үнемі өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында алшақтықтар кездеседі.

Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтыктар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі XX ғасырда коғамдык кажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша

жэне жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсатты көздеген кез келген графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің ерекшелігене сәйкес емле ережелерін бекітеді.

Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кириллицияға («орыс жазуынаң) көшкен кезде қаланды [28,178]. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, біршама реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет тарапынан арнайы каулы қабылданып, бекітілді. Европа елдері мен кытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген, тіпті кейбіреуінде мыңдаган жылдарға созылған жазу үрдісі бар халыктардың дұрыс жазу қағидаларын үкімет тарапынан бекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен кызмет етіп жатады. Ал 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазактың тұңғыш ұлттык жазуы — араб таңбаларын, одан кейін оншакты жыл (1929-1940) колданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап кабылданған кириллицаны пайдалануга мәжбүр болған қазак сиякты халыктың әр жазудың емлесінде дэстүрі калыптасып, орнығып үлгермеді, сондыктан эркім бұрыңғы жазудың тэртібін сактап, алакұлалык туғызуы мүмкін болғандықтан, 1940 жылы жаңа графикага көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан арнаулы қаулымен бекітілген болатын.

4,5(58 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ