М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
romchik238
romchik238
08.12.2022 12:41 •  Қазақ тiлi

9. «Ел  намысы  - ерлердің қолында» деген тақырыпта  қазақ елінің  намысын қоғап жүрген былғары қолғап шеберлері туралы өз көзқарасыңызды білдіріп 100-120 сөз көлемінде эссе жазыңыз. Эссенің құрылымын сақтаңыз. ​

👇
Ответ:
sofapravdina
sofapravdina
08.12.2022

Эссе:

Қазақстанның әрбір азаматы мен азаматшасы өзінің елінің намысын қорғау қажет. Біз өзіміздің еліміздің болашағымыз. Ғасырлардан бері жастар отанымызды қорғады. Бұрынғы замандарда көптеген соғыстар болды, ата-бабаларымыз өз ұлтының намысын сақтаған және қазақтың намысшыл, әрі күшті халық екенін дәлелдеді. Олардың арқасында біз осындай ел болып, күннен күнге гүлденіп жатырмыз. Алайда елдің намысы тек ерлердің қолында емес. Қазақтың сұлу және айбатты қыздары да біздің елімізді дамыта алады. Қазір Қазақстанның хылқының саны 18 миллион адамға жетті. Осы санның құрамына кіретін жас адамдар, азаматтар мен азаматшалар және кішкентай балалар өз елінің дамуына бар күшін сала алады.

4,4(36 оценок)
Ответ:
Dindonn
Dindonn
08.12.2022

Ер намысы – халықтық салттың ең бір қалыптасқан заңы. Бала тәрбиеленіп кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай білуге міндетті. Қазақтар ежелден ер адам намысын, қыз бала арын қорғай білуі тиіс деп тәрбиелеген. Соны бала күнінен құлағына құйып өсірген. Осыдан «намыссыз ұлдан, абыройсыз қыздан сақта» деген нақыл сөз қалса керек.

Егер ер жігіт намысын қорғай алмаса, ол азаматтық беделін жояды. Ер бала әке жолын қуып, «әкеден де асып туып», қатарынан қалмай, алдына қойған мақсаттарын абыроймен орындауға міндетті. Елін қорғау, еңбек ету, ата-анасын ардақтау, өнер үйрену, күш-жігерлі болу, сегіз қырлы бір сырлы болу, әділетті болу, біреуге жалынышты кіріптар болмау, әйел затын құрметтей білу, жасық болмау тағы басқа ізгі қасиеттерді бойына сіңіруі қажет.

Осының бәрі ер-азаматтың намысты, абыройлы, арлы болуына септігін тигізеді. Әсіресе ұлттық дәстүрге сәйкес инабатты, иманды, ілтипатты, үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор болу – ер жігіттің айнымас ары, бұлжытпай орындайтын заңды борышы. Халықтың ер жігітке тән заңын пір тұтқан азамат «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп, арына адал болған.

Халқымызда осыған қатысты «Ерді намыс өлтіреді» деген мақал бар. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Баян батыр інісі Ноянның жоңғардың сұлуына ғашық болып, сонымен бірге елден қашып шыққан. Қыздың туған жеріне бірге еріп бара жатқанын көрген Батыр Баян намыстан жарыла жаздап екеуін де өлтірген. «Опасызда Отан жоқ» дегені болса керек. «Ер намысы – ел намысы».

Елім дейтін жігіттің бойын билейтін ерекше қасиет, барлық махаббаттан да жоғары тұратын сезім. Ол Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілік болса керек. Отбасында да, балалар бақшасында да, мектепте де, көпшілік орындарда да баланы ел намысына, қызды абыройына сәйкес тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Өйткені бүгін біз тәрбиелеген жеткіншек – ол ертең ел намысын абыроймен сақтап қалу жолында барын салатын ОТАН ҚОРҒАУШЫ!

4,4(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
vitalikpalamarc
vitalikpalamarc
08.12.2022

Жоқ, өлмеймін!

 

Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О, Жасаған!
Өстіп жүріп бір күні
Өлеміз-ау,
Өлеміз-ау,
Өлеміз!
Кейбіреулер соны неге ұқпайды,
Қадалады жүрегіме мұң-қайғы.
Мен де өлемін,
Менің бірақ есімім
Жазушылар тізімінен шықпайды!
Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем,
Гүлдей солам,
Бірақ қайта көгерем:
Тірілердің көзіне оттай басылар,
Талай-талай немерем мен шөберем.
Өліп-өшкен ғашық жігіт
Күніне
Мендік көзбен қарар сүйген гүліне.
Мен болмаспын,
Бірақ сөзім оралар
Сайрап тұрған шешендердің тіліне.
Жүрек неге,
Өкпе неге алқынды?
Қимайды ма өте шыққан бал күнді?
Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан,
Әлі талай ду күлдірер халқымды.
Амал қанша!
Татар дәмім таусылды.
Қабірстан құшағымен қаусырды…
Жоқ! Өлмеймін!
Елім талай естиді
Лентаға жазып алған даусымды!
Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймін!
Правом жоқ өлуге,
Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда! 

 

 

Второй:

 

Бабамыздың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы – тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең.

Бір жаманы – жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы – тілге ерік берген екен.
Бір жаманы – кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.

Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы – қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.

Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы –қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы –үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы –жесірін қаңғытпаған.

Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы –сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы –абақты тұрғызбаған. 

 

4,8(5 оценок)
Ответ:
2017minikot
2017minikot
08.12.2022
Мен ағылшын пәнін өте ұнатамын.Ағылшын тілінде Ұлы Шекспирдың поэмалары,Джек Лондонның әңгімелері  жазылған. Қазіргі заманда ағылшын тілі халықаралық тіл деп есептеледі,Мысалы қай шетел қалаларына сапар шексеңде  не ол Стамбул болсын ,не Париж туристтердің   бәрі ағылшын тілінде сөйлейді.Кейбір Қазақстан қалаларындағы мысалы Атырау,Ақтау,Алматы,Астана шетелдік компаниялар ағылшын тілін білген азаматтарды қабылдайды.Сондықтан ағылшын тілін толық меңгерсем,мүмкін жақсы аудармашы болсам деп едім

Мне очень нравится предмет-английский язык,На английском языке писали Великий Шекспир свои поэмы,Джек Лондон свои рассказы.В настоящее время английский язык стал международным языком,Например куда ты ни поехал заграничные города как Стамбул или Париж все туристы общаются на англ языке. В некоторых городах Казахстана как Атырау,Актау,Алматы,Астана иностранные компании отдают предпочтения людям которые знают анг язык.И поэтому я хочу в совершенстве овладеть англ языком может стану хорошим переводчиком.
4,8(99 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi

MOGZ ответил

Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ