ТАПСЫРМА. Берілген мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтінді кесте бойынша талдаңыз. [5] Мейрамбек мектептен келдi де, қазыларын өрiске айдап шықты. Ауыл сыртындағы алаңқайдың көк шөбi жер бетiнен ине бойы көтерiлiп қалған. Күн жылы. Төмпешiктiң түстiк бетiне сарғалдақтар қаптап өскен. Мейрамбек қозыларына бiраз қарайлады. Сөйттi де, сар-ғалдақтар өскен қырға жүгiре жөнелдi. Жоғары көте-рiлдi. Былтыр осы төбеге зорға шыққан едi.
Төбенiң үстiнен ауылға қарады. Ана тұста өзiнiң үйi, ал сонау жерде өзiмен бiрге оқитын Марат пен Айгүлдiң үйi. Олар аулаларының алдынан көрiнбейдi. Әйтпесе қолын бұлғап, дауыстап шақырар едi. Мейрамбек шөп арасында жайқала өскен сарғалдақтар үстiне шалқая жатып, заңғар аспанға көз тастады. Көкте әппақ мақта секiлдi бұлттар жүзiп барады. Мейрамбек ендi байқады, аспан керемет екен!
Төбедегi бұлттар тұңғиық су iшiнде қалқып жүзген ақ бауыр қаздардан аумайды. Анау бiр бүлт ше? Ол тау-тау қып үйген ақ бұйра жүндей екен. Мына шеттегi бұлттың үстiне шығып алып, жер-дүниенi серуендер ме едi, шiркiн! Жо-жоқ, болмайды. Атасы мен әжесiн тастап не көрiнiптi. Мейрамбек бүгiн көктемнiң ғажайып сырына елжiрей қарады.
Биылғы көктем есiнде ұзақ сақталар-ау. Әсiресе, жаңа ғана көкке қарап шалқалап жатып, дүниенiң ғажап екендiгiне қайран қалғанын қарасаңшы.
Анау төмендегi ауылда өзiмен қол ұстасып бiрге жүрiп, бiрге оқитын Марат пен Айгүлдiң қасында жоғын айтсайшы! Мейрамбек орнынан тұрды да, қырдан еңiске қарай көйлегiнiң түймелерiн ағытқан қалпы зымырай жөнелдi.
Мәтіндер
Мәтінге тақырып қойыңыз
Мәтіндердің мазмұны
Мәтіндердің стилі
Мәтіндердің жанры
Мақсатты аудиториясы
Мәтіндердің тілдік ерекшелігі
мәтіні
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркенттөңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).
Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіресі іспеттес.
Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.