Болашақ мамандығым - дизайнер.
Болашақ жайлы ойлағанымды мені жиі "қандай мамандық иесі боламын?" деген сұрақ мазалайды. Қай мамандықты алып қарасақ та өзіндік ерекшеліктері мен жақсы жақтары болады. Біреулер керемет дәрігер болса, енді басқалары ұлағатты ұстаз болады, ал менің арманым дизайнер болу, атап айтқанда киім дизайнері болуды армандаймын. Адам көркі шүберек екені сөзсіз, қазіргі қоғамның өзінде барған жерінде қанша ақылды болсаң да, үстіндегі киген киіміңе қарап алдымен баға береді. Дегенмен, сәнді әрі жарасымды киініп жүру - қазіргі заман талабы. Сондықтан, бес саусағынан бал тамған, ісмер дизайнер әрі тігінші болсам, мен өзіме және отбасыма қажетті сәнді және күнделікті киімдерді тігіп беруші едім. Мысалға, сәннен шықпайтын классикалық үлгідегі киімдер, немесе қашанда әркімнің гардеробында елеулі орын алатын шалбар мен жейделер. Ал, менің еңбегімді ұнатып, тапсырыс беретін жандар табылса, онда өзіме ұнаған іспен айналысып қана қоймай, ақша табатын едім. Сәннен қалмай әдемі киімдер тігу үшін үнемі біліміңді шыңдап, сән әлеміндегі жаңалықтардан да хабардар болу керек. Мен болашақта сән әлемінің астанасы саналатын Милан және Париж қалаларында өзімнің сән апталығымды өткізсем деп армандаймын.
Кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхана ба өз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға ба өз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.
Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.
Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді.[2]
A.