2-тапсырма. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне бір мысалдан келтіріп жаз. Сложноподчиненые предл.на каждый вид по одному примеру напишите Шарты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Қимыл –сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмаласа сөйлемнің қай түрінің жұрнақтарын жаз. Суффиксы на какой вид относятся сложноподчиненных
майынша, мейінше, пайынша, пейінше, байынша, бейінше
ғаны, гені, қаны, кені/ үшін
са, се / де, та, те
а,е,й, ып, іп, п
мақ, мек, пақ, пек, бақ, бек (шы, ші) болып
қанша, кенше, ғанша, генше
Жазылым
Берілген тақырыптың біреуін таңдап, эссе жазыңдар. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін пайдаланып, 8 сөйлемнен тұратын эссе жазыңдар. Выберите одну из заданных тем и напишите эссе. Используя виды сложноподчиненных предложений, напишите эссе из 8 предложений.
1. Қазақстан - Байқоңыр - Ғарыш Казахстан - Байконур-Космос
2. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» Нурлы жол Мәңгілік Ел!
3.Айтыс өнері туралы не білеміз? Түрлері, ерекшелігі жайында айтып беріңіз.
Что мы знаем об искусстве айтыса? Расскажите о видах, особенностях.
НУЖНО
Жұлдыздар туралы шығарма.
Жұлдыздар дегеніміз - ғаламдағы негізгі жарық көздері. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн - бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз,сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Ол Күн жүйесіндегі орталық және ең орасан зор дене болып табылады.
Жұлдыз өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді. Айсыз түнде жай көзбен қарағанда бес мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоп арқылы миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Ерте заманның өзінде-ақ адамдар жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлген. Қазіргі кезде 88 шоқжұлдыз бар. Көп уақытқа дейін жұлдыздар орнынан қозғалмайды деп есептелген. Аристотель заманынан (біздің заманымыздан бұрынғы 4-ғасыр) бастап, көптеген ғасырлар бойы жұлдызды аспан мәңгілік және өзгермейтін хрусталь сфера тәрізді, оның сыртында құдайлар өмір сүреді деп жорамалданды.
Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде ЭЕМ-ді қолдануға байланысты жұлдыздарды зерттеу мәселесі одан әрі тереңдей түсті.