Өз елің – алтын бесігің.
Бірде бізге мұғалім “қандай елдерге барып,саяхат жасағыларың келеді?” деп сұрақ қойған.Сыныптастарым: “Жапония!Ұлыбритания!АҚШ!” - деп шулап қоя берді.Ал мен болсам үнсіз қалдым.Үйге келіп бұл сұраққа шындап ойлағанымда “туған жерімнен басқа жаққа кеткім де келмейді” деп шештім.Әрине, әркімге әрқалай.Алайда менің Қазақстаным өзіме қымбат та қадірлі, сүйікті әрі аяулы.Қазақ жерінің асты да,үсті де қазынаға бай.Ал қазақ халқының жомарттығына,ақкөңілділігіне еш халық тең келмейді.Мен осы жерде қасиетті алтын бесікте ардақты ана сүтімен көзімді аштым,есейдім.Мен осы жерде дара ұстаздарыммен білім алудамын.“Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық" демекші,маған Қазақстанның аптап ыстығы да қатаған сары аязы да өзінше жылы,қымбат.Басқа елде бар нәрсе менің де байтақ туған жерімнен табылады.Сондықтан да мен “өз елің – алтын бесігің” деген қағиданы нық ұстанып,туған елім мен жерімнің өркендеуіне ат салысатын боламын.
ответ:Ғаламшардың демографиялық өсімі артқан сайын жаңа ғимараттар көтеру жалғасын таба бермек. Оған өндірістегі инновациялық өзгерістерді игеріп, үнемі дамуға тырысатын инженерлер керек. Сонымен қатар, инжиниринг биохимия, нанотехнология, роботтық техника және жасанды интеллект салаларында да сұраныс артады.
2020 жылға дейін компьютерлік модельдеу инжинирингі саласына жақын 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін. Университеттер осы сынды салмақты болжамдарды ескере отырып, маман дайындау бағытын жаңартып келеді.
Объяснение: