М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
VIktoriafedornak
VIktoriafedornak
19.11.2020 16:13 •  Қазақ тiлi

Текст: Кейде ғұмыр кірпік ұшында тұрады.
Көзіңді ашып-жұмғанша... Мәселені сағаттар емес, минуттар емес, секундтар шешетін уақыт болады.
Бала Тоқтар Теміртауға келгенде, Қарағандыдағы аэроклубқа жазылып, кеудесіне ұшқыш болсам деген үкілі үмітті қондырғанда мұндай жағдайлар болады дегенді қаперіне әсте алмаған да шығар-ау! Алғаш жасы жетпегендіктен парашютшілер секциясына жазғанда, аэродинамика дегеннің не екенін ең алғаш білгенде, парашюттің қалай қалықтайтынын тұңғыш сезінгенде адам өмірінің кірпік ұшына байланған нәрсе екенін аңғарып үлгермеген де болар.
Адамның жаны мұрнының ұшына келетін кез. Ойпыр-ай, әлгі МИГ-29 ұшағын шторм уақытында крейсер палубасына қондырған ерлігі ерен болған екен. Қара теңіз – теңіз біткеннің ішіндегі қанқұйлысы. Алапат теңіз дауылы тұрғанда корабльдер желге қаңбақтай ұйытқып кетер еді. Шторм кезінде жал-жал толқын пайда болады. Бұл, әрине, мұхит толқынынан шағындау болғанымен, зардабы зіл-батпан. Бірінің артынан бірі келіп ұрғанда корабльдің пәрша-пәршасын шығаруға шамасы жетер-ді.
Тоқтар Әубәкіров сондай сұрапыл теңіз дауылы ышқынып тұрған шақта дыбыстан жылдам ұшатын ұшақты кеме үстіне қондырып үлгерген ғаламат ерлік жасаған. Әдеттегі сынақ ұшуы деп есептелгенімен осындай күрделі жағдайда ұшақты кеме үстіне қондыру таза жүрек жұтқандық қой!
Судың жал-жал толқындарының салмағына ұшақтың салмағы келіп қосылғанда 80 мың тоннаға тең келерлік жойқын жүктен кеме шайқалғаны сондай: қауырсын секілді шырқ айнала жөнелген ғой. Тоқтардың бойына сонда да үрей ұя салып үлгермеген. Қорқыныш, үрейлену сезімі ұшақ қонған соң барып келсе керек. Япыр-ау, мен мұнда қалай тап болдым, бұған қонып нем бар? – деген ой ең соңынан келгенде қыр арқасын қара тер басқан...
Гиннесстің рекордтар кітабына кірген ерлігін де осы ұшақпен жасады.


Текст: Кейде ғұмыр кірпік ұшында тұрады.Көзіңді ашып-жұмғанша... Мәселені сағаттар емес, минуттар ем

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Arcator
Arcator
19.11.2020

Мектеп асханасы туралы әңгіме.

Әрине,мектепті асханасыз елестету мүмкін емес қой."Ас – адамның арқауы" демекші,мектепте үзіліс кезінде оқушылардың көпшілігі асханаға асығады.Бұл жердің иісі мен атмосферасы да өзгеше.Сабақтан шаршаған оқушының осы жерге келіп күш жинауы да осыда.

Біздің мектептің асханасы үлкен,өте әдемі әрі ыңғайлы.Бұл жерде дәмді және неше түрлі тағамдармен қатар,мереке сайын безендірулер де жасалынып тұрады.Ал асханашы апайдың тіл үйірер дәмді асына,мейрімділігіне не жетсін,шіркін!Кейде ақшаң болмаған кезде бәліштерін қарызға да беріп жіберетін.Не дегенмен де,мектеп асханасының оқушылар үшін алар орны зор.

4,4(60 оценок)
Ответ:
Vika7791532
Vika7791532
19.11.2020

Ескі әдебиеттің соңы мен жаңаша жазба әдебиеттің басы болып табылатын зар заман ақындарының бір ерекшелігі де осында. Бұлар жай ғана ақындар емес еді, халық қамын ойлаған, келешегін кеңінен көре білген ғажайып ұлт қайраткерлері туған халқының болашағына бей-жай қарай алмады.

Олардың ең басты көтерген тақырыбы – ұлт ретінде жойылып, бодандық кіріптарлыққа түсуге қарсылық, азаттық деген құндылыққа сенімнің азайып кету қаупінен сескенгеннен туындаған өршіл жырлар. Сондықтан ақындардың өлең-жырларында патшалық Ресей шенеуніктерінің озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттеледі.

Болама әлде тағы керекпа

4,8(59 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ