М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
MikasaHasegava
MikasaHasegava
04.09.2020 08:52 •  Қазақ тiлi

Эссе жазу Мен жазғы демалысты қалай өткіземін​

👇
Ответ:
Khajiit999
Khajiit999
04.09.2020

Жазғы демалыс өте қызықты болды. Біз отбасымызбен өзен басына бардық. Інім екеуміз өзенге түстік. Су мөлдір, әрі жылы екен, мөлдір судан жүзіп жүрген балықтарды көрдік. Мен өзен жағасында серуендеп жүргенде әр түрлі құстарды кездестірдім. Құстардың дауыстары ерекше естілді. Құстар әдемі дауыстарымен әуендерін кезек-кезек айта басталды. Құстардың әуенін естіп тамсанып жүргенде күн ысып кетті. Күн ыстық болғасын біз отбасымызбен үйге қайттық. Осылайша менің жазғы демалысым жалғаса берді. Маған жазғы демалысып өте жақсы өтті.

Объяснение: немесе мынау,жазғы демалысты қалай өткіземін?:

Менің жазғы демалысымды өте көңілді өткіземін деп ойлаймын. Ауылдағы атам мен әжімнің үйінде болып қайтамын.Ауылдың ауасы таза, қалаға қарағанда. Ауылда менің достарым көп. Достарым мен жайлауға барамын. Ауыл қандай тамаша. Ауылдан келген соң анаммен бірге Астана қаласына нағашы әпкеме барып келеміз. Астана үлкен әсем қала. Айтып жеткізу мүмкін емес. Әр түрлі кітаптар оқимын. Соның ішінде ертегілер басым. Кейде анам екеуміз көшеде жүріп, паркке барамыз деп ойлаймын. Жаз қандай жақсы, шіркін!

4,6(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Irina5600
Irina5600
04.09.2020
Бүгінде көшеде жүрсеңіз немесе бір әлеуметтік ортада, қонақасыда болсын өспірім балалардың шектен шыққан тентектігін кездестіріп жатамыз да, бұл қай отбасының баласы екен деп сәбиге емес, оның отбасына өкпелеп жататынымыз бар. Өйткені Отбасы- өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмас. Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
4,6(54 оценок)
Ответ:
Ннемо
Ннемо
04.09.2020
Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Інім екеуміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Апам рұқсат етпеген. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, қала іші түнеріп тұр. «Бр-р...» Өн бойымыз әлденеге діріл қағып, жаурағандай сезіндік өзімізді. «Ух, қандай суық еді!..» Сәлден соң күн ашылды. Ауыр- ауыр бұлттар тарқап, қиғаштай құйылған нұрлы шуақтан айнала құлпырып, мамыражай күйге енді. Інім екеуміз сыртқа шықтық. Иілген қайың бұтағындағы жұқа, сары жапырақтар самалмен дірілдеп тұр. Біз бақ ішіне кірдік. Бақ іші сары бояуға малынып тұр, тып- тыныш. Жаздағыдай құстардың әсем үні естілмейді. Тек табан астындағы тапталған жапырақтардың судыр- судыр еткен дыбысы бақтың тыныштығын бұзғандай.Інім сары жапыраққа алақанын тосты. «Қап, тесіліп қапты!» деді. Аяп тұр. Кенет сусылдап, күнбатыстан суық жел соқты. Ағаш жапырақтары ұша жөнелді. Біз үлкендердің «үстеріңді лас қылмаңдар!» дегенін ұмытып, жұп- жұмсақ жапырақтардың үстінде аунап ойнадық. Қайың, үйеңкі жапырақтарынан гүл шоқтарын жасадық. Ауа зілдене түсті. Көгілдір аспанға шыға келген бұлттар бірте- бірте қоюланып, жаңбырдың лебі есті. Әуелі ірі- ірі тамшылар батылсыз тамды да, кейін үдеп кетті. Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, қаңылтыр шатырды қақылай жөнелді. Көше іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Адамдар оны «жаңбырлы күз», «суық күз», «қара күз» деп, айыптап жатады. Ал біз оны «алтын күз» дейміз. Біз алтындай сап-сары жапырақтардан гүл шоқтарын жасап алып, үйге қарай жүгірдік. Апам бізге ұрыспайды

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/1572-k.html#read
© www.ZHARAR.com
4,4(96 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ